Журналистика және саясаттану факультетінде Малайзияның Путра университеті өкілдерімен кездесу өтті

Бүгін Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Журналистика және саясаттану факультетінде Малайзияның Путра университеті (University Putra Malaysia, UPM) өкілдерімен кездесу өтті

Азиядағы алдыңғы қатарлы білім ордаларының бірі саналатын Путра университетінің барлық Pertanika журналдары SCOPUS (Elsevier), Thomson (ISI) Web of Knowledge [BIOSIS & CAB Abstracts] тәрізді мәліметтер базасында индекстеліп, тізімделіп, мұрағатталған. Осы оқу орнынан келген құрметті қонақтар біздің докторанттарымыз, магистранттарымыз бен зерттеушілерімізге жағымды жаңалық ала келіпті.

Путра университетінің PhD докторы Сайед мырзаның (Syed Agil Bin Shekh Alsagoff) айтуынша, ЕҰУ пен UPM арасындағы ынтымақтастық негізінде жас ғалымдарымыз Pertanika журналдарына ғылыми мақалаларын тегін жариялау мүмкіндігіне ие. Мақалаларды тексеру уақыты – мөлшерімен алты ай, жариялау – үш ай көлемі, яғни тапсырыс берілгеннен кейін тоғыз ай ішінде импакт факторлы журналға мақала шығаруға болады.

Кездесу барысында малайзиялық оқытушылар қазақстандық әріптестерімен бірлесе отырып ғылыми зерттеулер жүргізуге ниетерін білдірді, сондай-ақ академиялық ұтқырлықты екі тапаптан да ұтымды пайдалануға, магистранттарды ғылыми-зерттеу тәжірибесін Путра университетінде өтуге шақырды.

Нұржан Көшкенов

INFOTIMES

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *