Жаңартылған үлгідегі ескі жейде

                       Өз қолыңыздан жасалған киім және аксессуарлар ең сәнді болып табылады. Қалтаңызды да қақпайды, шығармашылық қиялыңызды қоссаңыз тамаша дүние жасай алатыныңыз сөзсіз. Бұл мақсатта ескі киімдерді кәдеге жаратуға әбден болады. Гардеробыңыздағы ескі киімдерді лақтыруға асықпай, оны басқа түске бояп, кесіп, түрлі киім тігіп, басқалай пішіп, сәнін өзгертіп, қайталанбас, эксклюзивті киім  тігіп алыңыз. Бастысы, ойыңыздағы киім үлгісін жасап шығаруға таптырмас әдіс.

Тоқыма жейде кез келген үйден табылары сөзсіз. Сенесіз бе? Тоқыма жейдеден 18 түрлі киім жасап киюге болады. Қарапайым жылы орамалдан бастап төсеніш, бас киім, қолғап, тіпті сәбилерге арналған сәнді көйлек тігіп алсаңыз да жарайды.

Назарларыңызға ескі тоқыма жейдеге жаңаша  көрік беретін әдістерді ұсынамыз

           1- әдіс. Жейденің шынтақ жағына түрлі фигуралық жапсырма тіксеңіз болады. Ол үшін кішкентай кесек трикотаж немесе пайеткалы мата қажет. Екі бірдей жапсырмалы жамауды (заплатка) кесіп алып, жіп пен иненің көмегімен тоқыма жейдеңізге тігіңіз. Бұл әдісті басқа да киім үлгілеріне қолдансаңыз болады.

          2 -әдіс. Ескі жейдеңізді шілтер матасымен жаңашаландырыңыз.

Ол үшін  үлдір матаны (ажурная ткань) жейденің төменгі тігісінен  ұқыптылықпен тіксеңіз, ескі жейдеңіз әдемі әрі нәзік көрінеді. Фантазияңызға қарай шілтерді жейденің басқа да бөлігіне тігіп көріңіз.

                 3-әдіс. Түрлі түсті баудың (лента) көмегімен тоқылған жейдеңізді өзгеше үлгіге айналдырыңыз. Сізге ол үшін  көп заттың керегі жоқ. Бар болғаны, қажетіңізге қарай бауды алып, қалаған дизайнды таңдасаңыз жеткілікті. Күрделі сурет таңдамағаныңыз жөн. Мәселен, үлкен раушан гүлдері көздің жауын алып әдемі көрінгенімен, бірінші жуғаннан-ақ, өз формасын жоғалтады.

Осындай әдістер арқылы қарапайым  жейдені көзге ерекше көрінетін, сәнді киім үлгісіне айналдыруға болады. Кеңесіміз кәдеңізге жарасын!

Жанайым Қуандық

 

INFOTIMES

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *