Жатын бөлме үй ішіндегі ең жайлы әрі тынымсыз жұмыс күнінен шаршап келіп жаныңыздың раxат алатын бөлмесі. Адам ұйықтамаса оның мүлдем күші болмайтыны белгілі, дегенмен біз жатын бөлменің дизайны мен оның түр-түсіне мән бермейтініміз бар. Ал бөлмедегі түстер гаммасы адам көңіл-күйіне ерекше әсерін береді.Сондықтан,жатын бөлменің дұрыс жабдықталуы өте маңызды.
Жатын бөлме интерерінің түсі мен сапасы денсаулыққа тікелей әсерін беруі мүмкін.Сондықтан бұл бөлмені-тынығу уақыты менен ләззатты сәттерді жайлы өткізетіндей етіп безендіру қажет.
Ал бөлмені сәндеу барысында қандай түстерді қолдануға болады?
Жатын бөлмені бейтарап түстермен сәндеп әрлеген абзал.Бейтарап түстерге көкшіл-көгілдір реңктер жатады.Жатын бөлмеңіз ыңғайлы әрі кең тынысты терең ұйқының кепілі болғанын қаласаңыз көк түсті басымырақ қолданыңыз. Бірақ бөлменің ішін толығымен көк түспен сәндеп шеттен шығып кетпеңіз,себебі,кей сәттерде бөлме іші толыққанды көк түсте болса адамға жабыңқы көңіл-күй сыйлауы мүмкін.Көңіл-күйіңіз әрдайым көтеріңкі болсын десеңіз түстер реңкін араластырып қолайлысын таңдауға тырысыңыз.Қызғылт реңк адамға жылу ұялататыны анық дегенмен бұл түсті таңдау барысында да сақтықпен қарап таңдаңыз. Егер жатын бөлме тар болса мейлінше ақ түс қолдануға тырысыңыз себебі ақ түс бөлмеге визуалды түрде кеңдік сыйлайды.Бөлме өте кең болса қоңырқай түс қолдансаңыз да болады,қоңыр түс бөлмені сәл де болсын кішірейтіп тұрады.Төсек жаймасын алар уақытта да жаныңызға жақынын таңдаңыз. Бөлменің ішін сәндеп әдемі көркейткіңіз келсе бөлмеге түрлі аксессуарлар мен деталдарды қоса аласыз. Қабырғаға әсем картина іліп,терезеге әдемі гүл қойып сәндесеңіз бөлме іші керемет болады .Жатын бөлмеге картина қоятын болсаңыз жануарлар бейнесін алудан бас тартқаныңыз жөн.Ал табиғаттың әсем бейнесі кімге болсын керемет әсер қалдырмай қоймайды.Кілемнің түсі де бөлмемен сәйкесінше алынуы керек, мамық жүнді кілем алсаңыз аяққа жайлы әсер береді.
Сондай-ақ жатын бөлмеге ең маңызды дүние бұл төсек орын.Төсек таңдау барысында ерекше көңіл бөліңіз ұйықтауға ыңғайлы,омыртқаңызды ауыртпауы тиіс.Жайлы және кең төсек бөлменің атмосферасын құрайтыны анық.Төсектен басқа бөлме ішіне киім-кешек салуға арналған шкаф,стеллаж және журнал үстелін қойып сәндесеңіз болады. Барлық алынған жиxаз түстері бір-біріне сәйкес болыу керек,бір-бірінен ажырап тұрмауы қажет.Жатын бөлмеге барынша теxника қоймауға тырысыңыз ұялы телефон,теледидар сынды теxника бұл бөлме үшін артық заттар.
Жатын бөлме тынығу мен ұйықтау бөлмесі болғандықтан кеңістікке барынша мол орын қалдыруға тырысыңыз.
Жатын бөлме дизайны сізге әр күн қуаныш сыйласын!
Дина РЫСҚАЛИЕВА
Журналист