Бағзы заманнан бастап адамдар жануарлардың, адамдардың қанын пайдалану арқылы емделуге талпынған. Ежелгі грек жазушысы Гомердің жазбаларында Одиссейдің жер асты патшалық адамдарына сөйлеу қабілеті мен естерін қайтару үшін ішуге қан бергені жайлы жазылған. Ал Гиппократ психикалық ауытқулары бар адамдарға сауығу үшін сау адамдардың қанын ішуге кеңес берген. Емделудің осындай жолдары жайлы Плиний мен Цельсаның жазбаларынан да кездестіруге болады, олар эпилепсиямен ауыратын науқастар мен қарт адамдар өлгелі жатқан гладиаторлардың қанын ішкені жайлы жазған. Алғашқы рет қанды емдеу жолында пайдаланылғаны жөніндегі құжат 1492 жылмен белгіленген. Жазбалардың бірінде былай делінген: “… күндердің бір күнінде Рим папасы Иннокентий VII қатты сырқаттанады. Ең атақты деген дәрігерлердің өзі науқасынан жазудың амалын таба алмайды. Сол кезде оған еврейлік Исаак атты дәрігер келеді де, ол Иннокентийді құтқаруға уәде береді. Егер де ол қан құюға өз келісімін берсе, өлімнен арашалап қалмақ болады. Ол үшін үш денсаулығы мықты, жас христиан ер балалардың қаны керек еді. Құрбандардың әр қайсысының жаны үшін 1 дукаттан ақша төленген. Дәрігерлер үш баланың қанын сорып алып папаға ішкізген. Үш бала да Иннокентий VII-де о дүниеге аттанып кеткен…”
Ерте кезден бастап көп қан жоғалтқан адамдарға дәрігерлер жануардың қанын құюға әрекеттенген. Ежелгі римдіктердің хаттарында, ғалым және философ Пифагордың жазбаларында, ақындар Гомер мен Овидияның шығармаларында қанды емделу мақсатында пайдаланғандығы туралы жазылған. Европадағы көптеген белгілі адамдар граф Сен Жермен, Григорий Распутин және т.б қанды емдік сусын деп есептеген және жасарту мақсатында пайдаланған. Алғаш рет қан құюды Францияда 1667 жылы құжатқа дәлелдеп тіркеген Ж.Дени. Көп қан жоғалтқан жасөспірімге қозының қанын құйған кезде ол тірі қалған. Бірақ одан кейінгі қан құю кезі сәтсіздікпен аяқталып отырған.Ал өлген адамдардың туыстары дәрігерлерді сотқа берген. Осыдан кейін қан құюға заң жүзінде тиым салынған. ХVІІ ғасырда жануар қанын құю сәтсіз болды. Ол қанның ұйып, қан тамырларының бойымен жүрмейтіні анықталған. Осыдан кейін адамдарға қан құю ісі қайтадан жалғастырылды. Ол алғаш рет 1819 жылы Англияда жүзеге асырылды. Ресейде алғаш рет қан құюды дәрігер Вольф 1832 жылы жүзеге асырды, қансыраған әйел тірі қалады.
Бірақ тағы да сәтсіздік… Кристофер Рэн 1656 жылы иненің орнына алғаш рет құс қауырсынын, шприцтың орнына балықтың торсылдағын пайдаланды. Клиникалық бақылаудың нәтижесінде адамдардың қанының бірдей емес екені анықталды. Ғылыми тұрғыдан зерттеу жұмыстары жүргізіле бастады. Екі ғалым Карл Ландштейнер мен Ян Янский бір мезетте осы сұраққа жауап тапты. Басқа біреуге қан құйғанда эритроциттердің бір–біріне желімделіп жабысып қалатыны анықталды. Соның салдарынан адам өліп қалатыны дәлелденді. Эритроциттердің бұндай қасиеті агглютинация деп аталып, қанның топқа бөлінуінің негізі болды. Қанның төрт тобы анықталды: О-І; А-ІІ; В- ІІІ; АВ –ІҮ
Қан топтарының белгісі | Янский бойынша қан топтарының белгісі | Эритроциттердегі агглютиноген | Қан плазмасындағы немесе сарысудағы агглютиноген |
О | І | Жоқ | α және β |
А | ІІ | А | β |
В | ІІІ | В | α |
АВ | ІV | АВ | жоқ |
Адам қанындағы эритроциттерде екі түрлі желімденетін зат: А агглютиногені және В агглютиогені болады. Қаны І топқа жататын адамдардың эритроциттерінде агглютиноген болмайды, қаны ІІ топқа жататын адамдардың эритроциттерінде А агглютиногені, қаны ІІІ топқа жататын адамдардың эритроциттерінде В агглютиногені, қаны ІV топқа жататын адамдардың эритроциттерінде А және В агглютиногені бар.
Қанның барлық тобы бірдей ол адамның нәсіліне қарамайды. Қан тобы адамның өмірінің соңына дейін өзгермейді. Қан құюдың екі тәсілі бар: тікелей және тікелей емес. Алғаш қан құю кезінде тікелей құю әдісі қолданылған. Тікелей емес әдісте бұрын алынған қан немесе өлген адамның қанын пайдаланған. Қан құю тамшылату немесе сорғалатып құю әдісін қолданған. Адамнан адамға қанды тікелей құю өте қиын, сондықтан дайын қан қоры болу керек. Ол аз немесе көп уақыт сақталғанда өзінің қасиетін жоғалтпау үшін, оған лимон қышқылының тұздарын қосып, консервілейді. Адам қанының плазмасы құрамындағы нәруыздарды бүлдірмей және еру қасиетін жоймай кептіру әдісі анықталды. Ұлы Отан соғысы кезінде дәрі мен қан жеткіліксіз болды. Белгілі әскери дәрігер В.В Кованов Солтүстік халықтарының қиын кездерде бұғының қанын ішетінін біліп соны қолданады. Союға әкелінген өгіздің қанын алып, оған әртүрлі тәтілерді қосып, аздаған спиртпен араластырып “ликер” алады, оны “гемостокол” деп атайды. Қазіргі кезде «гематоген» деген атпен белгілі. Бұны пайдаланған кезде жаралылар тез жазыла бастаған. Мұның себебі, жас қанның құрамындағы ағзаға жеңіл сіңірілетін зат, бүкіл ағзада жүретін үдерістің белсенділігін арттыратын. Қан кеткен адамның өмірін сақтап қалу үшін адамдар донор болады. Қазіргі уақытта бұл әрекет кеңінен өріс алған. Рим папасы Иннокентий VII- ге сол кезде қанды ішкізбей, қан құюмен алмастыруға болар еді. Сол кезде қан құю кезіндегі сәтсіздіктерді ғылым түсіндіре алмады.
Ғалымдар ағзаның қартаюның себебін зерттеген кезде жасушалардың тіршілік әрекеті сөнеді және олар зақымдалған жерді қалпына келтіру қабілетінен айырылады. Ұлпалар қатаяды, жүректің бұлшықеті және өкпенің бұлшықетінің жиырылуы нашарлайды қантамырлары өзінің серпімділігінен айырылады, буын және сіңірлер бұрынғысынан гөрі қатаяды. Қартаю адамның тек қана сыртқы келбетін өзгертіп қана қоймай, қарт адамдардың әртүрлі ауруларға көбірек ұшырауына себепші болады. Ал гематоген қарт адамдарға пайдалы: ол ағзадағы тұздардың алмасуын реттейді. Қазіргі ғылыми зерттеулер жас қанның ағзаны жасартатынын, жүрекке әсер ететінін, жас қанда болатын зат қартайған ағзада аз болатынын дәлелдеп отыр. Болашақта бұл толық зерттеліп іс жүзіне асырылады деп ойлаймыз.
Көктем ҚАРҚЫН
ЕҰУ студенті