Жандарбек Бекшин оқушыларға инфекциялық аурулар және олардың алдын алу мәселесі туралы айтты

Бүгін еліміздің Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Жандарбек Бекшин астана мектептерінің бірінде оқушыларға «Инфекциялық аурулар және олардың алдын алу мәселесі» тақырыбында таныстыру-алдын алу туралы әңгіме жүргізді.

Жандарбек Бекшин өзінің дәрісінің басында қазіргі кезде күн сайын жаңалықтардан естіп жүрген ЖРВИ және тұмау, қызылша, менингит және гепатит сияқты сияқты ең өзекті аурулардың эпидемиологиялық жағдайы туралы айтты.

Содан кейін ол оқушыларға негізгі инфекциялық аурулар туралы неғұрлым кеңінен түсіндірме берді. Дәрісті тыңдай отырып оқушылар қандай бактериялар және вирустар бар екендігі туралы, сондай-ақ оларға қарсы күрестің қандай әдістері бар екендігі туралы көптеген пайдалы ақпарат алды.

«Сіздердің әрқайсысыңыз бір кездері ауырдыңыздар, олар көбінесе әртүрлі инфекцияларға байланысты болды. Бүгін мен сіздерге негізгі инфекциялық аурулар туралы және оларға қарсы күрес әдістері туралы айтамын. «Ауырып емделгенше, ауырмайтын жол ізде» демекші, ауырып емделгеннен гөрі оның алдын алған дұрыс.» – деді Жандарбек Бекшин.

«Инфекциялық аурулар – бұл ауру тудыратын бактериялар, вирустар немесе қарапайым саңырауқұлақтар сияқты ерекше қоздырғыштардан пайда болатын аурулардың тобы. Инфекциялық ауру адам организміне жоғарыда аталған қоздырғыштардың бірінің енуі және олардың организмнің жасушаларымен, тіндерімен өзара байланысы салдарынан пайда болады.» – деп түсіндірді Бекшин.

Көптеген ауруларға даму кезеңділігі тән. Осылайша, аурудың мынадай кезеңдерін ажыратып айтуға болады: инкубациялық, яғни жасырын, бұл кезеңде қоздырғыштар организмде болады, бірақ олардың ешбір сыртқы белгілері болмайды; бастапқы, яғни аурудың сыртқы белгілерінің пайда болу кезеңі; негізгі көріністер кезеңі, яғни аурудың өршуі, организмнің неғұрлым ауыр күйі; соңында ауру белгілерінің басылуы, яғни сауығу.

Көбінесе қоздырғыштармен зақымдалатын ағзалар, инфекцияның түсу, берілу жолдары, оның сыртқы ортаға бөліну тәсілдері бойынша негізгі инфекциялық аурулардың жіктемесі болады: ішек инфекциялары, тыныс алу жолдарының инфекциялары, қан инфекциялары және сыртқы қабат инфекциялары.

Жандарбек Бекшин өзінің оқушылармен әңгімесінде аурулардың алдын алу туралы кеңінен тарқатып айтты. Инфекциялық аурулардың алдын алу – бұл аурулардың алдын алуға немесе тәуекел факторларын жоюға бағытталған іс-шаралар кешені. Ол адамның организмінің инммунитетін арттыруға, оның инфекциялық ауруларға сезімтал болмауын сақтауға және сезімтал етпеуге бағытталған алдын алу іс-шараларын жүргізумен түсіндіріледі.

«Сіздердің әрқайсысыңыз «иммунитет» деген сөзді естіп жүрсіздер, бірақ сіздер осы сөзге анықтама бере аласыздар ма. Мысалы, «иммунитет» деп организмнің инфекциялық және инфекциялық емес агенттерге сезімтал еместігін атайды. Инфекциялық агенттер дегеніміз – бактериялар және вирустар, ал инфекциялық емес аурулар дегеніміз – бұл организм үшін бөгде қандай да бір улы заттар немесе өзге де өнімдер» деп атап айтты Бекшин.

Балалар дәріс ала отырып, иммунитеттің: туа біткен және жүре пайда болатын негізгі екі түрі бар екенін білді. Туа біткен иммунитет басқа да генетикалық белгілерімен тұқым қуалаушылық жолмен беріледі. Жүре пайда болған иммунитет тұқым қуалаушылық жолы арқылы берілмейді. Жүре пайда болған иммунитет ауырып сауығу немесе вакцинациялау нәтижесінде пайда болады (вакцинация – бұл профилактикалық іс-шаралардың мысалы).

Жүре пайда болатын иммунитет белсенді немесе пассивті болуы мүмкін. Жүре пайда болған белсенді иммунитет дегеніміз – қандай да бір аурумен ауырып сауығу немесе вакцинация. Жүре пайда болған пассивті иммунинет сол немесе өзге де аурумен ауырып сауыққан адамнан немесе вакцинация алған адамнан алынған антиденелерді организмге енгізу арқылы жасанды жолмен жасалуы мүмкін.

«Бірақ мұндай иммунитет ұзаққа сақталмайды: сонымен қатар жүре пайда болған белсенді иммунитет сияқты белгілі бір уақытқа сақталуы мүмкін, мысалы, мұндай ауруларға қызылша немесе желшешек жатады» – деп түсіндірді Бекшин.

Еліміздің Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері балаларға: «Денсаулықты күту үшін ең болмағанда иммундық жүйе туралы жалпы ұғымды білген пайдалы» деп түсіндірді.

Иммундық жүйе – бұл иммундық жауаптың дамуы мен ағзаны бөгде қасиеттері бар және ағзаның ішкі ортасының құрамы мен қасиеттерінің тұрақтылығын бұзатын агенттерден қорғауды қамтамасыз ететін ағзалардың, тіндердің және жасушалардың жиынтығы.

Иммундық жүйе организмнің патогенді микробқа немесе вирусқа қарсы күресін жұмылдырады. Микроб-қоздырғыш адамның организміне түскеннен кейін көбейе бастайды және уыт бөледі. Осы уыттардың шоғырлануы критикалық болып, организмнің реакциясы пайда болады. Иммундық жүйе антиденелер деп аталатын белсенді химиялық кешендерді шығаратын лейкоциттерді жұмылдырады. Тек антидене уыттардың, вирустардың және бактериялардың белсенділігін бейтараптайды. Әдетте дене қызуы көтеріліп, тамыр соғысы жиілеп микробтармен күрес жүреді, сондықтан адам ауру кезінде өзін нашар сезінеді.

Жандарбек Бекшиннің әңгімесінен оқушылар инфекциялық аурулар туралы, олардың берілу жолдары және алдын алудың негізгі шаралары туралы көп мағлұмат алды.

«Инфекциялық аурулар дегеніміз – бұл ауру тудыратын микробтардан пайда болатын адам организмінің патологиялық жағдайы екендігін естен шығармау керек. Адамның иммундық жүйесі микробтарға қарсы күреседі. Салауатты өмір салтын ұстанатын адамдар инфекциялық ауруларға аз шалдығады және оларда жеңіл өтеді» деп дәрісін аяқтады Бекшин.

Әңгіме еркін жағдайда өтті және алынған ақпаратты бекіту үшін оқушыларға өздерін қызықтырған сұрақтарды қою ұсынылды. Оқушылар белсенді тыңдаушылар екенін көрсетіп, өздеріне пайдалы кеңестер алды, ал ең белсенді тыңдаушылар естелік сыйлықтар алды.

INFOTIMES

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *