Бүгін 23 сәуірде Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Оңтүстік Калифорния университетінің (USC) Провост профессоры Генри Дженкинстің қатысуымен конференция ұйымдастырылды.
«Цифрлық дәуір: трансмедиалық технологияларды қолдану ерекшеліктері» деп аталатын конференцияны ашқан Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Оқу ісі жөніндегі Проректоры, заң ғылымдарының докторы, профессор Е.Ә.Оңғарбаев америкалық профессорға осы конференцияға қатысуға келісім бергені үшін алғысын айтып, құрылғанына 25 жыл толған университет үшін халықаралық коллаборация әрқашанда стратегиялық бағыт болып қала береді деді.
Университет проректоры бұл конференция 2020 жылдың «ЖОО Үздік оқытушысы» байқауының жеңімпазы ЕҰУ-дің профессоры Ұлбосын Мейірбекқызы Есенбекованың бастамасымен өткізіліп жатқанын айтты. Университет профессорларының Американың үздік университетімен байланыс орнатуын жоғары бағалаймыз деді. Оңтүстік Калифорния университетінің Провост профессоры Генри Дженкинске екі университет арасындағы ғылыми байланыстарды дамытуға, біріккен ғылыми жобалар әзірлеуге шақырды.
Өзінің құттықтау сөзінде ЕҰУ-дің Проректоры Е.Ә.Оңғарбаев Еуразия ұлттық университеті Оңтүстік Калифорния университетімен өзара ынтымақтастық туралы меморандум жасауға дайын екенін жеткізді.
Профессор Есенбекованың «Ақпаратты жеткізудің медиа аралық стратегиялары» авторлық курсына қызығушылық өте жоғары, биыл бұл курсқа Еуразия ұлттық университетінің 25 магистранты жазылған екен. Магистранттардың бір курсқа осынша көп жазылуы өте сирек кездесетін құбылыс және ақпарат дәуірінде трансмедиалық технологияларға деген сұраныстың өскендігін көрсетеді.
Генри Дженкинс конференцияға шақыру үшін алғысын білдірді. Екі елдің арасында ғылыми байланыс орнату мүмкіндігін өте жақсы бағалайтынын, Қазақстан ғалымдарымен кездесіп, жақынырақ танысқысы келетін айтты.
Конференцияға Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-дің проректоры Е.Ә.Оңғарбаев, Журналистика және саясаттану факультетінің деканы Қ.Ө.Сақ, Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының меңгерушісі С.М.Дүйсенғазы, профессорлар мен оқытушылар, магистранттар мен докторанттар, Назарбаев университетінің өкілдері қатысты.