Тиісті ерін далабын таңдау жеткілікті дәрежеде қиын іс. Дегенмен, күнделікті стиліңізге сай далаптарды таңдау және оны киім түстеріне сай үйлестіре қолдану аса қатты ізденісті талап етпейді. Назарларыңызға тиісті реңкті таңдауға көмектесетін бірнеше кеңесті ұсынамыз.
1. Өзіңіздің табиғи ерін түсіңізден бір немесе екі реңкке қаралау түсті тауып алыңыз.
2. Тері өңін анықтаңыз: ашық, орташа, немесе қара. Тері өңіңізге лайықты реңк табыңыз.
3. Шынайы қызыл түсті пайдаланыңыз. Барлық тері өңіне үйлесетін осындай әмбебап түспен қателесу мүмкін емес.
4. Ерін далабын басқа кейіптермен үйлестіріп үйренейік. Киіміңізбен түстес реңкті ерін далабын таңдамаңыз. Тек қана көз немесе ерінді ғана айқындаңыз.
Ерін далабын дұрыс таңдай білу – сіздің күнделікті киім-киісіңізге үлкен әсер беріп тұратынын ұмытпаңыз.
Индира Жұмагелді