Бүгінгі таңда ер азаматтар түрлі шаш үлгілерін жасауды сәнге айналдырған. Әсіресе, күн жылынып бас киімсіз жүретін уақыт жақындаған сайын шаштаразға жиі баратындардың саны артты. Негізінен жігіттер шаш үлгісіне талғаммен қарай отырып, өзіне тән стильді шаш үлгісін таңдайды. Себебі, ер азаматтың шаш үлгісі оның тазалығы мен ұқыптылығының айнасы іспеттес.
Назарларыңызға танымал шаш үлгілерін ұсынамыз
Классикалық шаш үлгісі– біркелкі, тегіс әрі анық сызығымен ерекшеленеді. Шаштың ұзындығы 3-5 см аспауы тиіс. Бұл шаш үлгісін түрлі бағытқа қарай өзгертуге болады.
Спорттық шаш үлгісінде әдетте шаштың астыңғы бөлігі қысқа, ал үстіңгі бөлігі ұзын болып келеді.
Романтикалық шаш үлгісі– орташа немесе ұзын шаш үлгісіне жасалады. Тік немесе толқынды тұтамда (прядях) жақсы көрінеді.
Бокс– ерлер арасындағы ең танымал шаш үлгісі. Шашыңыздың үстіңгі бөлігі бірдей немесе үстіңгі бөліктен сәл ұзын болады. Бас пішіні мінсіз ер азаматтарға керемет шаш үлгісі.
Андеркат – тағы бір ең танымал Хипсерлық шаш үлгісі. Шаштың төменгі бөлігінің жұқа болуымен және бір жаққа немесе артқа қарай қойылуымен ерекшеленеді.
Өзіңізге жарасымды шаш үлгісін таңдай біліңіз.
Жанайым Қуандық