Сарапшылардың айтуынша, 2022 жылмен салыстырғанда, биыл елімізде баспанаға деген сұраныс біртендеп төмендей түскен.
Қазақстанның тұрғын үй нарығындағы сату және сатып алу операцияларының саны азая түскені байқалуда. Сарапшылар мұның сырын бұған дейін нарық ішін кеңінен қамтыған зейнетақы ақшасының сарқылуымен түсіндірді. «ҚР Ұлттық статистикалық бюросы келтірген мәліметтерге жүгінсек, 2022 жылдың қаңтар айымен салыстырғанда, аталған нарықта биыл қаңтарда жүзеге асқан мәмілелер саны 27,2%-ға құлап түсті, – дейді Krisha.kz сарапшылары. – Мұндай теріс көрсеткіш еліміздің барлық өңірлерінде байқалды, кей облыстарда, тіпті, 50%-дан астам құлдырау бар. Ең аз төмендеу көрсеткіші Астанада тіркелді – 0,8%. Тұрғын үй нарығындағы белсенділік тек Алматы қаласында көрініс берді: +34,1%. Бірақ мұның өзіндік себебі бар – қаңтар оқиғасы аясында былтыр нарық ішінде жүзеге асқан мәміле саны өте аз болған».
Нарық бойынша былтырғы және биылғы бағаларды салыстырған Анна Шацкая өз сөзінде: «Өткен жылдың басындағы көрсеткіштерге шаққанда, биылғы жылдың басында бірінші деңгейдегі нарықта баспана бағасы, орташа есеппен алғанда, 14%-ға, екінші деңгейдегі нарықта – 18%-ға өсті», – дейді.
Айтпақшы, 2022 жылдың қыркүйек, қазан айларында көрініс берген нарық ішіндегі баға дүрбелеңін еске салған сарапшылар, алдағы уақытта жалға берілетін баспана нарығындағы жағдай «мейлінше тұрақтала түседі» деген болжам айтады.
Қазақстанда пәтер қымбаттауына не себеп?
Түрлі ипотекалық бағдарламаның қосылуы мен зейнетақы жинақтарынан алу үшін жеткілікті шектің өсуі Қазақстандағы баспана бағасына айтарлықтай әсер етті. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, елдегі қайталама тұрғын үй бағасы былтырмен салыстырғанда шамамен 30 пайызға өсті. Жаңа пәтерлер 20 пайызға қымбаттады.
Сарапшылар алдағы айларда Қазақстанда 1 сәуірден бастап зейнетақыны алу үшін жеткілікті шектің көтерілгеніне қарамастан баспана арзандамайтынын айтады. Өтінім бере алған қазақстандықтар сатып алу бойынша мәмілелерді әлі аяқтаған жоқ. Айта кетейік, дәл осы қажет жинақтардың артуы туралы жаңалық жылжымайтын мүлік нарығындағы сұранысты екі есеге арттырды – бұл өз кезегінде бағаның өсуіне себеп болды.
Мысалы Алматыда қайталама тұрғын үйдің шаршы метрі 650 000-740 000 теңге аралығында. Мамандардың сөзінше, бағаға әсер ететін тағы бір фактор – ипотекалық бағдарламалардың қосылуы.
Жамбыл Ахметбеков, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Құрылыс материалдары құнының өсуі тұрғын үйдің бағасының қымбаттауына әкеп соқты, мемлекеттік бюджет есебінен салынатын мектептер, ауруханалар мен басқа да объектілер құрылысына шығындардың өсуіне әкеледі. Бағаның шектен тыс көтерілуін тежейтін нақты механизмдер қажет.
Ұлттық статистика бюросы, бір жылда үй бағасы 20 пайызға қымбаттағанын анықтады. Ал, жаңадан салынған пәтер құны 8 пайызға өскен. Экономисттер бұған, халықтың жаппай зейнетақы жинағаның бір бөлігін алуға ниеттеніп жатқаны себеп дейді. Депутаттардың да пікірі осыған саяды. Соңғы кездері Мәжілістің әр жиынында, тұрғын үйге қатысты сауалдар жиі көтеріліп жүр. Бүгін Жамбыл Ахметбеков әлеуметтік бағдарламалардың осалдығын сынға алды. Тіпті бағадағы серпіліске құрылыс материалдарының қымбаттауы да әсер етіп отырғанын жеткізді.
Даирова Диана