Егер аяқ киіміңіз тар болса, оны қалай кеңейтуге болады?

Өмірде түрлі жағдайлар болып жатады. Кейде дүкенге барып, өзіміздің аяқ өлшеміміз бойынша аяқ киім сатып алып жатамыз. Бірақ үйге келіп, қайтып киіп қарасаң, ол тарлық етіп, бір жерін қысып тұрғанын байқаймыз немесе аяғымызды қажап жатады. Ал, кейде уақыт өте келеаяқ өлшеміміз үлкейеді. Мұндай жағдайларда ол аяқ киімді тастауға асықпаңыз. Себебі, оның үй жағдайларында көлемін үлкейтуге болады.

Сонымен, аяқ киіміңізді кеңейту  үшін не істеу керек? Анам үйреткен әдіс бойынша, бірінші, қолымызға қатты пакеттер аламыз. Оның ішіне су құйып, аузын байлаймыз. Кеңіткіңіз келген аяқ киіміңізді ішіне саламыз. Су толтырылған пакет сол аяқ киімнің формасын толықтай алуы керек. Себебі, су қатып, аяқ киім ісінеді. Тоңазытқыштың ішіне кем дегенде екі сағатқа саламыз немесе түнде салып, таңертең алуға болады. Уақыт өткен соң, оны сыртқа шығарып, судың ерігенін күтеміз. Еріген соң, ақырындап пакеттерді шығарамыз.

Нәтижесінде, аяқ киіміміз алдыңғы қалпына қарағанда неғұрлым кеңейе түсіп,сіз ойлағандай қалыпқа келеді. Бұл жағдай, әрине, өзіңізді жақсы сезінуге әсер етеді. Дәл осы жерде «Аяқ киімің тар болса, дүниенің кеңдігінен не пайда?» – деген қазақтың ойы дөп айтылғанына қайран қаласың.

Әсел БАҚЫТҚЫЗЫ

Журналист

INFOTIMES

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *