Дене бітіміне арналған мінсіз комбинациялар мен түстер градациясы

        Өзіңізге тән сән үлгісін таңдай алмай жүрсіз бе? Түстерді қалай сәйкестендіріп, өзгелерден ерекшелену жолын іздеудесіз бе? Сән әлеміне қызығушылық танытасыз ба? Олай болса, өзіндік талғамыңызды қалыптастырып, қарапайым киімдердің комбинациясынан ерекше әрі сәнді образды құруға болатынын өз көзіңізбен көріңіз.

Сәнді ғана емес, сондай-ақ әдемі көрініс үшін киімдегі түстердің үйлесімін таңдай білу маңызды. Түстер мен реңктерді білу, оларды дұрыс қолдану әрі біріктіру – бұл, сөзсіз, шынайы өнер. Соңғы кескінді дайындамас бұрын, нәзік жандылар киімдегі жарамсыз түстердің комбинациясын жасаудан қорқады.

Әрине, сән әлемі үнемі өзгеріп отырады, содан кейін ұмытылған  тенденциялар қайта оралады. Бірақ әрдайым өзекті болып қалатын үйлесімді түс комбинациялары да бар. Егер сіз оларды білсеңіз, әрқашан мінсіз көрінетін боласыз. Сіздер үшін біз арнайы кесте жасадық, бұл киімдегі түстерді дұрыс үйлестіруге көмектеседі. Соның көмегі арқасында әрбір ару мінсіз болады! Дәл осы үйлесім кешкі стильге тән.

Бұл спектрді пайдаланып, үш-бес реңктерден тұратын бейнелерді оңай құрастыра аласыз. Негізгі түстер қызыл, көк, сары. Қалғандарының барлығы негізгі түстердің араласуынан туындады. Екі негізгі түстің 50% қолданған кезде қосымша түстер алынады: жасыл, қызғылт, күлгін. Пайызды өзгерткенде басқа да көптеген реңктерді ала аласыз.

        Түстерді біріктіру қағидалары. Ахроматикалық комбинациялар бастапқы түстің сұр, ақ және қара екенін білдіреді. Мұндай түстер бір-бірін толықтырады. Бұл сурет жарқын түстерді пайдалануды қамтиды: шарф, брошь, аяқ киім, сөмке немесе зергерлік бұйымдар. Көптеген әйелдер бұл опцияға артықшылық беруді ұнатады. 

         Қосымша композициялар контрасты. Қызыл және жасыл, сары және күлгін, көк және апельсин жұптары ең танымал контрасттардың қатарында. Бұл батылдықтың тіркесімі, өйткені мұндай түстерді байқамау қиын.

Міне, дәл осындай  комбинацияларды пайдаланатын болсаңыздар, кез-келген «look» үйлесімді болып көрінеді. Түстер градациясын сәнді, тиімді, ең бастысы, талғаммен жасаңыз. Рэйчел Зоуи: «Стиль – өзіңнің кім екеніңді аузыңды ашпай-ақ айту» демекші, сіздің келбетіңіз ішкі жан-дүниеніздің көрінісі.

Аружан Дәрібай

INFOTIMES

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *