Бірлігі жарасқан ел озады

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті  Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Бірлесе білген ел бәрін де жеңеді» атты мақаласын оқып ойға қалдым. Сындарлы шақта туған халқымен көңіл түкпіріндегі келелі ойларымен бөліскен Елбасының бұл мақаласы бұрынғыдан өзгеше, бағыты да, форматы да басқа екендігі бірден байқалады, көңілге жылылық ұялатады.  

Елбасының қарапайым халықты ойлап, еліміздегі түрлі мәселелерді ашық  талқыға салып, мемлекетті басқарудағы өзінің мол тәжірибесімен бөлісіп, бағыт-бағдар көрсетіп отыратыны бәрімізге жақсы таныс.

Қазіргідей күллі әлемді шарпыған індетпенкүрес, дағдарысқа қарсы   шаралар барысында оның халқына алаң болып, үн қатуы ел көңіліне сенім, жүректерге жылылық ұялататыны әрі Ұлт көсемі ретіндегі оның қайраткерлік қасиетін танытатыны да рас. Қазіргі кезеңдегі жұмыс жоспарлары, оны іске асыру бойынша нақты тапсырмалар беру, мемлекеттік аппаратты жұмылдыру ісі – барлығы да Елбасының жіті назарында. Әйтсе де бүгінгі мақаладан  әкелік өсиет пен ұстаздық ақ тілекті ерекше сезінесің, қамқорлықты танисың. Оның әрбір сөзіненхалқымыздың игілігі, еліміздің бірлігі, мемлекетіміздің тұтастығы, әрбір азаматтың өмірі мен денсаулығы, әлеуметтік жағдайы үкімет  пен жергілікті атқару органдарының басты назарында екендігін көресің. Бұл көпшіліктің ертеңге деген риясыз сеніміне жеткізеді.

Тәуелсіздік жылдары елімізде орын алған сан алуан қиындық пен дағдарысты Елбасының көреген саясаты мен ерен еңбегінің арқасында жеңіп шықтық. Ұлт көсемінің бүгінгі мақаласында көрсетілген стратегиялық бағыт-бағдарлармен жүретін болсақ, тұтқиылдан келген індет – коронавирусты да, оның салдарынан орын алған дағдарысты да еңсеретініміз анық. Ол үшін қиындыққа қайыспай, ел бірлігін сақтай отырып, Мәңгілік ел болуға бар күш-жігерімізді салуымыз керек.

Л.Н. Гумилев атындағы

Еуразия ұлттық университетінің

Стратегиялық даму жөніндегі
проректор

Д.Р. Айтмағамбетов

INFOTIMES

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *