Нәзік жандылар сұлулыққа келгенде қаншалықты қарапайым болуға тырысса да, сән әлемінен алыс жүрмейтіні рас. Бірі білсе, бірі білмейтін пайдалы кеңестерге жүгінетіне де бар. Осы орайда біз әрбір қыз-келіншекте болуы тиіс аяқ-киімдерге тоқталамыз. Стилист-имиджмейкер Жұмабекова Балжан тақырып аясында түрлі кеңестермен бөлісті.
-Аяқ-киім маңызды аксессуарлардың бірі. Әрбір нәзік жандыда болуы керек аяқ-киім туралы айту қиын, әрі дұрыс емес. Себебі, әркімнің өмір тәртібі, қызығушылықтары, талғамы бар. Дегенмен көпшіліктің өмір сұру образына сәйкес келетін модельдер жайлы сөз қозғауға болады. Олар:
- Терінің түсіне сәйкес келетін биік өкшелі туфли. Кез-келген кешкі образға сай келеді. Түсіне байланысты сырт көзге аяқты ұзартып көрсетеді.
- Ақ кроссовки немесе кеды. Күнделікті образдарға шалбармен, белдемшемен, көйлектермен үйлеседі. Әмбебап, талғамыңызға қарай кешкі образдың шеңберіне де сыйғызуға болады.
- Ыңғайлы өкшелі бәтеңке. Күнделікті кигенге таптырмас, әртүрлі образдарға үйлестіруге болады.
- Лоферлер. Түрлі образдарға таптырмас нұсқа.
Иә, тізбедегі аяқ-киімдер әрбір қыз-келіншектің үйінен табылуы міндетті емес. Дегенмен, қандай іс-шара, жиынға баратын кезде киім мен аяқ-киімді үйлестіру оңай болады. Түрлі аяқ-киімдер демекші, маманнан оларды таңдау барысында неге мән беру керек екенің сұрадық.
-Әрине, ең бірінші сапасы жоғары болғаны абзал. Сапасына қарай өзіңізге қызмет ету уақыты да өседі. Егер аяқ-киімді көп образдармен үйлестіргіңіз келсе, барынша қарапайым модельдерге көңіл аудару қажет.
Сән саласының қыр-сырын меңгерген маманның айтар кеңесі көп екенің білеміз. Ал, сұлулық әлемінде кеңестер саны шексіз. Біздің бүгінгі тоқталғанымыз оны тек бір бөлігі
Зарина КЕНЕСОВА
Журналист