Болашақ: Шетелдік білім және тәжірибе

Көптеген студент өз білімін шыңдауды мақсат етеді, бірақ оқу бағдарламасын таңдауда қиындықтарға тап болады.

Осы сұрақтардың жауабын “Болашақ” бағдарламасының стипендиаты, Швейцариядағы Hotel Institute Montreux университетінің International Business in Hospitality мамандығы бойынша магистранты, қазір Барселонада тұрып жатқан Зере Жакупбековадан білетін боламыз.

Шетелдік білім беру бағдарламаларының басты ерекшеліктері мен артықшылықтары қандай?
-Шетелде білім алу көп мүмкіндіктерге есік ашады, бір  нәрсеге  салыстырмалы  түрде,  көп  қырынан қарауға  машықтандырады.  Сондай-ақ,  көп  дүниені практика жүзінде игердік. Сан түрлі жұмыс орнына жол  ашылып  қана  қоймай,  шетелдік  достарың көбейіп,  комьюнити  қалыптасады.  Және  де  оқып бітірген түлектермен байланыс үзілмейді, керісінше университет жыл сайын басын қосып отырады.

Уәждемелік хатты жазудың қандай қағидалары бар? Сонымен қатар, олар сізді неге таңдады деп ойлайсыз?
-Нақты  қағида  жоқ,  ең  бастысы  шынайы  болу керексің   және   мақсатың   айқын   болуы   тиіс. Шаблонсыз, өз сөзіңмен жазсаң әлде қайда өтімдірек болады.   Оның   үстіне   магистратураны   оқымас бұрын, осы салада жұмыс атқарғаным әсер етпей қоймады. Сондай-ақ, уәждемелік хатты жазған кезде өз  еліңе  деген  махаббатың  мен  сүйіспеншілігіңді көрсетіп, көмегіңді тигізу ниетіңді білдіріп жазған дұрыс. Іріктеу кезеңінде баса назар аударатын бөлік- ол оқу оқып жүрген кезде болсын, университетте болсын  волонтерлік  жобаларға  қатысқан  болсаң, оқуға түсу мүмкіндігіңді әлде қайда арттырады.

‘Болашақ’ бағдарламасы арқылы оқып келген студенттерге сол елде қалып, жұмыс істеуге рұқсат етіле ме?
-Болашақ бағдарламасы бойынша оқып бітірген студенттерге сол елде қалып жұмыс устеуге рұқсат етілмейді, алайда кей жағдайда сол елдегі елшіліктің жұмыс орынына кіруге рұқсат етіледі. Яғни, бұл бағдарламаның мақсаты-Қазақстан азаматтарын шетелдік университтерде білім алуға мүмкіндік жасап, өз еліне сол сіңірген білімін пайдаға  асыру.  Сол  үшін  әрбір  студенттің  мойнына  елге  қайтып  келу  міндеті жүктеледі.

Оқуды аяқтағаннан кейін қандай нәтижелерге қол жеткіздіңіз?
-Әрине, каникул кезінде көп саяхаттадық, универститет тарапынан көптеген жағдай жасалды. Бұл мүмкіндіктің арқасында Еуропа елдерін басқа қырынан көре алдым десем болады.

Оқуым аяқтағаннан кейін, алған дипломым көп елдерге жарамды болды және жұмыс табу мүлдем қиынға соқпады. Сонымен қатар, өмірлік достарымды сол оқу барысында кездестірдім десем қателік болмас. Әлі күнге дейін байланыс ұстаймыз, бір-бірімізге үнемі көмектесіп отырамыз.

Студенттерге ‘Болашақ’ бағдарламасының стипендиаты атану үшін қандай топ 5 кеңес берер едіңіз?
1. Тіл білу. Қазіргі кезде тіл білу мамандықты игеру үшін ғана емес, міндетті қабілетердің бірі болып қалыптасып кетті. Алайда, шет тіліне басымдық беремін деп, өз тіліңді ұмыту қателік болады;

2. Өз өзіңе сенімділік. Алдына мақсат қойған болсаң, оған міндетті түрде жетесің деп ойлаймын;

3. Талпыныс;

4. Ізденіс. Мысалы, тізімде білім беру бағдарламалары өте көп, сондықтан алдын ала ізденіп, таңдаған дұрыс;

5. Білім алуға шектеу жоқ. Жасың 40-тан асса да, бала-шағаң болса да сені мүмкіндіктеріңнен айырмайды және шектемейді.
Білім алуға шектеу жоқ. Жасың 40-тан асса да, бала-шағаң болса да сені мүмкіндіктеріңнен айырмайды және шектемейді.

Аяна Қабылбекова

INFOTIMES

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *