2022 жылғы 27 шілде күні Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Тіл саясаты комитетінің тапсырысымен Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы Тараз қаласында ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы республикалық байқауды өткізеді.
Әмбеге аян, Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО аясында дүниежүзі көлемінде аталынып жатыр. Осыған орай елімізде түрлі республикалық, халықаралық деңгейде ғылыми экспедициялар, конференциялар, тақырыптық конкурстар т.б. шаралар ұйымдастырылуда. Бұлардың бәрінің де көздеген басты межесі біреу – Ахмет Байтұрсынұлының қызметін, ғылыми және рухани мұрасын жан-жақты таныту.
Бұл дәстүрлі республикалық байқаудың да мақсаты Алаш ардақтысы Ахмет Байтұрсынұлының халқына сіңірген қызметін, тіл мен әдебиетті, әдістемені зерттеуге арналған еңбектерін насихаттай отырып, мемлекеттік тілді оқытатын оқытушылар мен әдіскерлердің білімін толықтыру, сонымен қатар оларды ынталандыру болып табылады.
Төрт кезеңнен тұратын байқау ересектерге мемлекеттік тілді оқытатын мемлекеттік және жекеменшік Тілдерді оқыту орталықтары оқытушылары арасында өтеді.
Сайыстың осы жылғы басты ерекшелігі – оқытушыларды авторлық бағдарламаны әзірлеуге үйрету және А.Байтұрсынұлының әдістемеге қатысты еңбектерінен басқа, әдебиеттану, тіл білімі, ахметтану салаларында білімдерін тереңдетуге арналған.
Байқау аясында еліміздегі авторлық әдістемесі қалыптасқан тәжірибелі оқытушыларды анықтау арқылы ересектерге қазақ тілін үйрету әдістемесі насихатталады, сондай-ақ үздік әдіскерлердің пулы жасақталады деп күтілуде.
Өтетін уақыты: 2022 жылғы 27 шілде, сағат 10-00.
Өтетін жері: Тараз қаласы, Төле би даңғылы, 23 Б, Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ.
Байланыс телефондары: 8-705-150-49-94, 8-775-251-05-88