Балаға арналған төсек-орын

Баланың ой-қиялының  дамуына ата-ана қамқорынан бөлек, ойын мен ұйқының да әсері бар. Ойыншық таңдауда баланың еркіне көніп, қалағанын және сапалысын аламыз. Ал баланың ұйқысына қаншалықты көңіл бөлеміз? Қандай кереует таңдаған жөн?

Бала көзге жылтырағанға жүгіреді, сондықтан кереует таңдарда ата-атаның ықпалы зор. Себебі, бала бөлмесін безендіру, жайлы кереует алу жауапты әрі күрделі іс. Бөлмені безендіру және жиһаз таңдау барысында бөбегіңіздің жасын, талғамын ескеріп , жиһаздың қауіпсіздігі мен экологиялық таза өнім екеніндігіне көз жеткізу керек.

Балаларға арналған төсек таңдау барысында қандай стандтарқа мән беру керек?

Төсекті таңдарда алдымен оның өлшемдерін назарға алу керек. Баланыздың да жасын ескерген абзал. Мәселен 5 жасқа дейінгі балалар үшін оның биіктігі маңызды рөл атқарады. Өйткені бұл жастағы бүлдіршіндердің құлап немесе сүрініп кетуі әбден мүмкін. Төсектен аунап кетуі де ғажап емес. Ал мұндай жағдайдың алдын-алу үшін аласа кереует алған дұрыс.

Қазіргі таңда балаларға арналған екі қабатты үй жиһазының басымдығы көп.Бөлмеде аз орын алады әрі ойнауға да бос кеңістік қалады.Қолданысқа да ыңғайлы ,дегенмен, баланың қалауын бір сәт ескерген жөн.

Балаға кереует таңдарда  қандай  өлшемдерді ескеру қажет?

5 жасқа дейінгі бүлдіршіндерге  ұзындығы 140  ені 70 см болатын кереует ыңғайлы болады. 5 пен 8 жас аралығында балаларға өлшемі 150 де 80 см болатын төсек таңдаңыз. 8-12 жас аралығындағы мектеп оқушыларына ұзындығы 170 см болатын жиһаз алыңыз. 12-15 жастағы балаларға төсектің сәл енділеуін таңдау керек. Яғни, ені 90 см, ұзындығы 180 см. 15 жастан асқан жасөспірімдерге арналған төсек түрінің ауданы  190 см де 90 см болғаны абзал.

Дизайнерлер түрлі формадағы әрі түрлі бояуы бар кереуеттерді тұтынушылар назарына ұсынып келеді. Оны таңдарда табиғи бояғыштармен сырланғаны көз жеткізіп барып алу қажет.

Көліктің макеті ретінде жасалған төсек қаншалықты пайдалы?

Психологтардың айтуы бойынша көлікте ұйықтап өскен баланың санасында  қандай да бір шектеулердің  сақталып қалатынын ескертеді. Бала туылған сәттен бастап өзіңің кереуеті болған абзал. Яғни бала өзінің кеңістігін сезінуі қажет. Кеңістігін сезіне білген бала өзіңін орнын біліп өседі.

Балалардың жатын бөлмесіне ретсіз кіре бермейтініміз бар. Мамандардың баланың кез-келген уақытта төсекке қисая кетуін құптамайды. Бұл баланың бойында енжарлық пен бойкүйездіктін туындына әкеліп соғады. Сондықтан жайлы кереует таңдағаныңыз бір басқа да, баланың ұйқы режимін ретке келтірудің жөні бір бөлек.

Бөбегіңіздің дені сау, ұйқысы тыныш болсын!

 

Дина Рысқалиева

Журналист

 

INFOTIMES

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *