АЯҚДОПШЫЛАР – МОДЕЛЬДЕР

Неліктен футбол клубтары жыл сайын форма ауыстырып отырады? Эмблема, яғни логотиптерін де жаңартып жатады. Бірақ онжылдықта логотиптер анда-санда өзгеріп отырса, формаларын жыл сайын ауыстырады. Мұндай өзгерістерге жанкүйерлер де үйреніп кетті. Неліктен жыл сайын өзгерістер мен жаңа форманың жарнамасына соншама ақша кетеді?

Бұл – футбол клубтарын жарнама ретінде пайдаланатын спорт киімін өндірушілердің әсерімен болатын процесс. Клубтар жарнама үшін көп ақша тапқанымен, олар формадағы дизайн мен өзгерістерге жауап бермейді. Аяқдопшылар – жасыл алаңдағы модельдер. Бір жыл бұрын «Ливерпуль» ағылшын клубы «New Balance» спорттық брендімен 6 жыл мерзімге 300 миллион фунт стерлингтік келісім шартқа қол қойды. Англия Премьер-Лигасының қалған үздік клубтары да өздері үшін тиімді келісім шарттар жасай алды: “Арсенал” “Puma”-мен ұзақ мерзімді келісім шартқа қол қойса, “Манчестер Юнайтед” Адидаспен 1 ​​млрд еуроны құрайтын  10 жылдық келісім шартқа отырған.

New Balance брендінің нарыққа келгеніне ұзақ уақыт өткен жоқ. Көптеген адамдар оған таң қалады. Өйткені, бұл нарықта Nike және Adidas басым екенін  әлем біледі. Nike жыл сайын «Барселона», «Интер», «ПСЖ» және «Зенит» үшін 100 миллион еуро жұмсайды. Ал Adidas «Манчестер Юнайтед», «Ювентус», «Реал», «Челси» және «Бавария» үшін жылына 200 миллион еуро қаржы көлемінде шығынға түседі. Nike бренд қарамағында 8 жылдық NBA баскетбол лигасымен 1 миллиард долларды құрайтын келісім шарт бар.

Спорт киімдерін өндіретін әлемдік бренд екі компания ұзақ уақыт бойы бір-бірімен бәсекеде. Коммерциялық тұрғыдан алғанда, Adidas компаниясы Nike-тан төмен тұр. Екі компания да футбол әлемінің жұлдыздарын тартуға жұмсағаннан әлдеқайда көп ақша табады.

Ырысты Қадірбек

Журналистика мамандығы

2-курс студенті

INFOTIMES

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *