Ашық есік күні

27 ақпан күні Еуразия ұлттық университетінде журналистика және саясаттану факультетінің “Талапкер-2020” Ашық есік күні өтті.

Факультет деканы Сақ Қайрат Өмірбайұлы, Баспасөз және баспа ісі кафедрасының меңгерушісі Аширбекова Гүлмира Шайтмағанбетқызы, саясаттану кафедрасының меңгерушісі Рыстина Индира Садыбекқызы, телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының меңгерушісі Серікзат Мақсатұлы Дүйсенғазы құттықтау сөз сөйледі.

Білім беру бағдарламаларының тұсаукесерімен әр менгеруші өз кафедрасын таныстырды кафедраны меңгеруші таныстырды. Іс-шара барысында ұйымдастырушылар болашақ студенттерді қызықтырған сұрақтарға жауап берді. Келесі тақырыптарға мастер-класстар мен тренингтер өткізілді: шығармашылық емтихан бойынша практикалық ұсыныстар және талапкерлерді дүниежүзілік тарих және Қазақстан тарихы бойынша ҰБТ-ға дайындау. Іс-шараға қатысқан мұғалімдерге алғыс хаттар табысталды. Ашық есік күні аяқталғаннан кейін ұйымдастырушылар университет бойынша экскурсияны өткізді.

Аға оқытушы Асемгуль Бакытжановна

INFOTIMES

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *