Атырау облыстық сотының төрағасы тағайындалды

Атырау облыстық сотының төрағасы қызметіне Бауыржан Жұмағұлов тағайындалды.

«Президенттің 2020 жылғы 13 сәуірдегі жарлығымен Бауыржан Жұмағұлов Атырау облыстық сотының төрағасы лауазымына тағайындалды», – деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі.

Бауыржан Тұрсынұлы 1961 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Мамандығы – құқықтанушы, заңгер. Әр жылдары Алматы қаласының прокуратурасында, Ақмола облысының әділет басқармасында қызмет атқарған.

1999-2002 жылдары Астана қаласының соты, 2002-2006 жылдары Атырау қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы болған.

2011-2012 жылдары ҚР Жоғарғы Сотының аппаратында, 2012 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін ҚР Жоғарғы сотында жұмыс істеді.

INFOTIMES

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *