Татуласу орталығының ашылу рәсіміне Атырау обысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов, Атырау облыстық сотының төрағасы Бауыржан Жұмағұлов, судьялар, мемекеттік және құқық қорғау органдарының басшылары, медиаторлар, адвокаттар, Билер кеңесінің мүшелері мен «Атамекен» ӨКП өкілдері қатысты.
Орталықтың салтанатты түрде ашылу рәсімін облыс әкімі Махамбет Досмухамбетов пен Атырау облысы Билер кеңесінің төрағасы Хаббас Хисметуллин өткізді.
Жоба Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының әлеуметтік осал топтарға, сондай-ақ жеке және заңды тұлғаларға заңдық кеңес, құқықтық және медиативтік көмек көрсетуді көздейтін «Татуласу: сотқа дейін, сотта» бағдарламасы аясында жүзеге асырылған.
Атырау облысының әкімі М.Досмұхамбетов салтанатты іс-шарада сөйлеген сөзінде орталықтың ашылуы өңір тұрғындары үшін айтулы оқиға екенін атап, дауларды соттан тыс реттеу институтын дамыту туралы Елбасы Жолдауындағы міндеттер мен Президент тапсырмаларын еске салды.
«Орталықтың жұмысына үлкен жетістіктер тілеймін, бұл жер келушілерге дауды тез және бейбіт жолмен шешіп, азаматтардың туындаған мәселелерді шешуде мәдениетін көтеріп, моральдық және материалдық шығындарды азайтып, қоғамдағы дауласушылық деңгейін төмендетуге мүмкіндік береді деп ойлаймын», – деді әкім.
Облыстық сот төрағасы Б.Жұмағұлов өз сөзінде іс-шараның символдық мәні бар екенін айтты, өйткені жақында Мемлекет басшысы АПК-ке өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Заңға қол қойылды, ал оның негізгі жаңашылдықтардың бірі медиация институты механизмдерін кеңейту болып табылады,- деді.
«Аталған Заң жақын арада қолданысқа енгізіледі. Сондықтан біз бүгін атқарып жатқан істер заңнама тұжырымдамасын табысты іске асыруға қызмет етеді», – деп сенім білдірді Б.Жұмағұлов.
Сонымен қатар, төраға азаматтарға өзарабайланысты қызметтер көрсететін Орталық жұмысымен таныстырды. Онда кеңес беруден бастап, даудың санатын анықтау, татуластыру рәсімдерін жүргізу, келісім жасақтауға дейінгі қызметтер қарастырылған.
Орталықта медиаторлар, билер, адвокаттар, прокурорлар, психологтар, нотариустар мен безнес омбудсмен өкілдері азаматтарға қызмет көрсетеді.
Орталық қажетті техникалық құралдармен жабдықталған. Азаматтарға қажетті барлық жағдай жасалған. Мұнда келушілер тиісінше заңды көмек алып, медиативтік рәсімдердің ерекшеліктері мен артықшылықтары туралы біле алады, жанжалды шешу және келісу бойынша келіссөздер жүргізеді.