Астана мемлекеттік қызмет хабы Ғаламдық Веб-форумда қатысушы-елдердің COVID-19-ға қарсы күрес тәжірибесін ұсынды

Коронавирустың таралуына қарсы күрестің үкіметтік шаралар мен инновациялық шешімдер  Астана мемлекеттік қызмет  хабының серіктесі – Әзірбайжан Республикасы Президенті жанындағы Азаматтарға қызмет көрсету және әлеуметтік инновациялар жөніндегі мемлекеттік агенттік бастамасымен өткен COVID-19-ға қарсы жедел әрекет ету жөніндегі Ғаламдық веб-форумында талқыланды.

Форум мемлекеттік органдар мен халықаралық институттар назарын аударды. Еуропаның, Азияның және Африканың 9 елінің өкілдері, сонымен қатар 20-дан астам халықаралық ұйым өкілдері форумның жұмысына қатысты.

Ашылу салтанатында Әзірбайжан Президенті жанындағы азаматтарға қызмет көрсету және әлеуметтік инновациялар жөніндегі мемлекеттік агенттігінің басшысы Улви Мехдиев, БҰҰДБ әкімшісі Ахим Штайнер, Дүниежүзілік Экономикалық Форум президенті Борге Бренде, Астана мемлекеттік қызмет хабы Басқарушы комитет Төрағасы Алихан Байменов алғы сөз сөйледі.

Ахим Штайнер қазіргі өзгерістер үкіметтер үшін жаңа болашақ қалыптастыратынын және пандемиядан туындаған дағдарысқа жедел жауап қату үшін күш-жігер мен ынтымақтастықты біріктіру қажеттілігін атап өтті.

Алихан Байменов озық тәжірибені тарату маңыздылығына тоқталып, Астана мемлекеттік қызмет хабы қатысушы елдер мен серіктестердің COVID-19 қарсы тұру бойынша ғылыми және инновациялық шешімдерді тоғыстыратын Практиктердің виртуалды альянсын құрғанын айтты. Ол өз сөзінде  «сенім тиімді басқаруда шешуші мәнге ие екенін» атап өтті. «Қауіпсіздікті сақтау мен азаматтар құқықтары мен еркіндігін құрметтеу арасындағы тепе-теңдікті қамтамасыз етуді» ойластыру қажеттігіне назар аударды. «Осыған байланысты шешім қабылдау процесінде негізгі элемент – заңдылықты, есеп берушілікті және ашықтықты сақтау болуы керек», – деп түйіндеді ол.

Форум әрі қарай сессиялар түрінде жалғасты. Спикерлер өздері кездескен проблемалар мен сын-тегеуріндер жайлы ойларын ортаға салды, сондай-ақ вирустың таралуын болдырмау және мемлекеттік қызметтерді онлайн ұсыну шешімдерімен танысты.

Форум сессияларының бірі әлеуметтік инновациялар мен пандемия кезінде қоғамды жұмылдырудың оңтайлы шешімдеріне арналды. Спикерлердің бірі – Қазақстанның цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Абылайхан Оспанов болды. Ол короновируспен күресте цифрландырудың рөліне, министрліктің IT компаниялармен бірге қабылдаған шұғыл шаралары жайын баяндады. Оның ішінде білім беру, денсаулық сақтау және мемлекеттік қызметтер ұсыну саласындағы 50-ден астам қосымшалар туралы айтылды. Олар мемлекеттік қызмет түрлерін алуды халыққа ыңғайлы етуге, азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету, жеке азаматтардың жұқтыру қаупін төмендету мен жеке деректерін қорғауға бағытталған.

Форумның тікелей жазбасын мына сілтемеден алуға болады: https://www.youtube.com/watch?v=xfUUj-F1leQ&t=2568s

 

INFOTIMES

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *