Астана мемлекеттік қызмет хабы тәжірибесі БҰҰ халықаралық тұғырнамасында таныстырылды

Астана мемлекеттік қызмет хабы басқарушы комитеті төрағасы Алихан Байменов Хабтың «Шығыс Еуропа және ТМД: цифрландыру пандемиядан кейін қалпына келтіру акселераторы ретінде және мемлекеттік қызмет сапасын арттыру үшін ынтымақтастық» тақырыбы бойынша тәжірибесін БҰҰ Оңтүстік-оңтүстік ынтымақтастығы жөніндегі жоғары деңгейдегі Комитеті 21-ші сессиясында таныстырды.

Байменов мырза өзінің бейне жолдауында «үкіметтер үшін әріптестік орнату мақсатында әлеуметтік бірлікке және цифрлық алшақтықты жоюға ықпал ететін стратегия әзірлеу өте маңызды» екенін атап өтті. Бұл ретте ол цифрлық өзгерістердің инклюзивтілігі үшін бүкіл қоғамның қатысуымен ортақ құрал анықтау қажеттігіне тоқталды. «Осылайша үкіметтер озық мемлекеттік қызметтерді дамытып, ведомствоаралық ынтымақтастықты кеңейте алады және цифрлық экожүйелерді нығайтады», – деді Байменов.

Сонымен қатар «технологиялардың қарқынды дамуы кез-келген теріс мақсатта пайдалану ықтималдығын болдырмайтын таза әрі ашық шешімдер қабылдауға жол ашып, сол арқылы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуі тиіс», – деді Байменов мырза.

Осы 21-ші сессия тақырыбы пандемиядан кейін қалпына келтіруді жеделдету мен Оңтүстік-оңтүстік ынтымақтастығы және үшжақты әріптестікке негізделген 2030 жылға дейінгі тұрақты даму бойынша Күн тәртібін жүзеге асыру мәселелеріне арналған.

Анықтама:
«Оңтүстік-оңтүстік» ынтымақтастық комитеті БҰҰ жүйесіндегі негізгі директивалық және БҰҰ Бас Ассамблеясының көмекші органы болып табылады.

Сессиясының материалдары мен бейнежазбалары келесі сілтеме бойынша:
https://unsouthsouth.org/our-work/policy-and-intergovernmental-support/high-level-committee-on-south-south-cooperation/21st-session/

INFOTIMES

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *