Астана Мемлекеттік қызмет хабы Корея Республикасымен ынтымақтастықты кеңейтуде

Орталық Азия мен Кавказдың жеті елі мемлекеттік органдары өкілдерінің тәжірибемен танысу сапары аясында Корея үкіметі, Астана хабы және БҰҰДБ екіжақты және өңірлік ынтымақтастықты кеңейту жөнінде келіссөздері өтті. 

Астана Мемлекеттік қызмет хабы басқарушы комитет төрағасы Алихан Байменов Корея Республикасы Адам ресурстарын басқару бойынша министрі Ким Сын Хомен кездесті. Олар бірлескен зерттеулер жасау, сарапшылардың кездесулер, ғылыми-сараптамалық жарияланымдармен алмасу, сондай-ақ мемлекеттік қызмет мәдениеті, әдеп және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тұрғысындағы озық корей тәжірибесін зерделеу тетіктерін талқылады. Алихан Байменов Кореяның экономикалық табысының негізгі факторларының бірі ретінде кәсіби мемлекеттік қызметінің жоғары рөлін атап өтті. Кездесу соңында тараптар Хаб пен министрлік арасындағы Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Кездесуге қатысушылардың айтуынша, меморандумға қол қою мемлекеттік қызметті жетілдіру мақсатында бірлескен іс-шаралардың өңір елдері үшін жаңа мүмкіндіктерін ашады.

Алихан Байменов сондай-ақ Ұлттық ақпараттық қоғам агенттігінің (NIA) Президенті Джонгсунг Хванмен және Кореяның ішкі істер және қауіпсіздік министрлігі (MOIS) Қоғамның жасанды интеллект мәселелері жөніндегі цифрлық үкімет бюросы Бас директоры Хуанг Куй Чулмен кездесу өткізді. Тараптар цифрландыру және инновациялар саласындағы мемлекеттік қызметшілердің әлеуетін арттыру жөніндегі бірлескен өңірлік жобаны жаңа өңірлерде, атап айтқанда, Шығыс Еуропа мен Балқан түбегі елдерінде жалғастыру және кеңейту перспективаларын қарастырды. Олар бұған дейін MOIS министрі Ли Санг Минмен әріптестіктің жаңа аспектілері туралы уағдаластықты тағы бір рет талқылап, растады және өңір елдерінің цифрлық әлеуетін арттыру үшін жағдай жасауға мүдделі екендіктерін білдірді.

Қазіргі уақытта Корея тарапы қаржыландыратын өңірлік жобаны Корея Республикасының Ішкі істер және қауіпсіздік министрлігі, NIA, БҰҰДБ және Хаб Орталық Азия мен Кавказдың жеті елінің мемлекеттік қызметшілері үшін  іске асыруда. Өткен жылдан бастап жоба ауықымында 6 онлайн және оффлайн іс-шара өткізілді, оның ішінде зерттеулер, электрондық үкімет, инновациялар мен мемлекеттік қызметтерді цифрландыру саласындағы озық тәжірибені зерделеу өңір елдерінің мемлекеттік қызметшілері тарапынан жоғары бағаға ие болды.

Корея Республикасының Үкіметі қаржыландыратын Орталық Азия және Кавказ елдерінің мемлекеттік органдары өкілдері үшін таныстыру сапары Корея Республикасының Ішкі істер және қауіпсіздік министрлігі (MOIS), Корея Республикасының Ұлттық ақпараттық қоғам агенттігі (NIA), БҰҰ Даму Бағдарламасы (БҰҰДБ) және Астана Мемлекеттік қызмет хабы (Хаб) бірлескен жобасы шеңберінде ұйымдастырылды.

INFOTIMES

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *