Астана Мемлекеттік қызмет хабы Жоғарғы Сот Кеңесіне судьяларды іріктеу тетігін жетілдіруге жәрдемдеседі

Технологиялар дамуы және нарыққа мамандардың жаңа буыны келуімен  әлемдегі ұйымдар кадрларды іріктеу мен дамыту тәсілдерін қайта қарастыруда.

Бүгінгі таңда HR мамандары құзырында  жасанды интеллектке негізделген құралдар, үлкен деректерді талдау, мансапқа қатысты профильдер мен геймификация элементтері қамтылған сандық платформалар бар. Бұл инновациялар тек бизнесте ғана емес, сонымен қатар мемлекеттік басқару және сот жүйесі саласында да белсенді түрде енгізілуде.

Осы ретте Астана Мемлекеттік қызмет хабы судья кадрларын іріктеу мен мансаптық ілгерілетуде қолданылатын озық HR-құралдарын қарастыратын Жоғары Сот Кеңесі жаңа мүшелеріне арналған кезекті тренингті бастады.

2021 жылдан Хабтың қолдауымен Кеңес мүшелері үшін компетенциялар бойынша сұхбат жүргізу дағдыларын дамытуға бағытталған тренингтер үнемі өткізіледі.

Тәжірибе көрсеткендей, кандидаттарды бағалаудың заманауи әдістерін игеру кандидаттардың атқаратын лауазымдарына сәйкестігінің жоғары деңгейін қамтамасыз ете отырып, судьяларды іріктеу рәсімдерінің объективтілігі мен тиімділігін арттыруға ықпал етеді.

Астана Мемлекеттік қызмет хабы Жоғары Сот Кеңесімен әріптестікке ерекше мән береді және судьялардың кадрлық әлеуетін іріктеу және дамыту мәселелерінде сараптама-талдау бойынша қолдау көрсетуді жалғастырады.

INFOTIMES

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *