Астана мемлекеттік қызмет хабының бастамасы халықаралық платформада таныстырылды

EIP Консультативтік тобының құрамына кіретін Астана мемлекеттік қызмет хабы және басқа халықаралық ұйым өкілдері EIP Хатшылығымен (ЭЫДҰ) бірлесіп, COVID-19 пандемиясы ауқымында «тең теңімен» қағидаты бойынша қабылданған шараларды талқылады.

Тиімді институттар платформасының (EIP) Консультативтік тобы тең төрағалары мен хатшылығы қатысуымен өткен онлайн-отырыс барысында қазіргі жағдайға байланысты бірлескен жұмыс жоспары, EIP әдістемесін іске асыру және әзірлеу мәселелері қаралды.

Кездесу барысында топ мүшелері пандемия кезінде өз ұйымдары мен Альянс практиктері «тең теңімен» қағидаты бойынша қабылдаған инновациялық шешімдерімен таныстырды.  Мысал ретінде Дүниежүзілік банк – Ашық білім беру кампусын (OLC) ашқаны хабарланды. Бұл онлайн кампус – білім алмасу, оқыту және ғаламдық білімді практикалық дәрістерге айналдыру арқылы шешімдерді қабылдауды тездететін платформа.

Өз кезегінде, Хаб атынан Консультативтік топ мүшесі Диана Шарипова Хаб қатысушы-елдердің пандемиямен күреске қатысты 15-тен астам практикалық зерттеулерін қамтитын Виртуалды альянстың нәтижелері туралы баяндады.  Виртуалды платформа осындай дағдарыс кезінде көптеген елдердің тәжірибесінен үйренуге және әріптестік жолымен мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттырудың бірегей шешімін шығаруға мүмкіндік береді.

Кездесу барысында «тең-теңімен» қағидасы негізінде практика арқылы оқытудың тиімділігін анықтау үшін «Мониторинг және Оқытуды бағалау» (MEL) жүйесін құру қарастырылды. Талқылау нәтижесінде MEL  есептемесін дайындау және бірлескен іс-шаралар өткізу жоспарлануда.

Консультативтік топ құрамына Астана  Мемлекеттік қызмет хабы  хабымен (ACSH) қатар, Ұлыбритания үкіметтік серіктестік Халықаралық ұйымы (GPI), АҚШ халықаралық даму агенттігі (USAID), Швецияның халықаралық даму жөніндегі агенттігі (SIDA), Дүниежүзілік банк (ДБ) сияқты тағы басқа халықаралық ұйымдар кіреді.

Тиімді институттар платформасы (EIP) – 60-тан астам елдер мен ұйымдарды қамтитын одақ, сонымен қатар мемлекеттік секторды басқару және институционалдық реформалар саласында білім және тең-теңімен тәжірибе алмасу бойынша елдер арасындағы диалогты қолдауға бағытталған. EIP жұмысы Хатшылығының қолдауымен жүзеге асырылады, оның Хатшылығы ЭЫДҰ-ның штаб-пәтерінде (Париж, Франция) орналасқан және оның құрамына ЭЫДҰ Даму басқармасының өкілдері кіреді.

 

INFOTIMES

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *