Астана күніне орай салтанатты жиын өтті

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінде Астана қаласының 20 жылдығына арналған салтанатты жиын өтті.

Мерекелік іс-шараға құрметті мейман ретінде мемлекет және қоғам қайраткері, Әдеп жөніндегі кеңес мүшесі Қайролла Ережепов қатысты.

Шара барысында аумақтық департамент басшысы Нұргүл Жанназарова барлық мемлекеттік қызметшілерді мемлекеттік органның құрылуының 20 жылдығы және еліміздің бас қаласы Астананың 20 жылдығымен құттықтады.

Ол өз сөзінде: «Астана жасампаз еліміздің жас қаласы, халқымыз үшін тәуелсіздік пен өсіп-өркендеудің алтын тұғыры, әлемдегі болашағы жарқын үздік қалалардың бірі. 20 жылда Астана сыртқы келбетіне ішкі сұлулығы үйлесіп, қанат жайып, сырттан келгенді де, іштен барғанды да тамсандыратын ғажайып шаһарға айналды және барлығымыз елордамызбен мақтануға тиіспіз», – деді.

Ал Қайролла Ережепов болса Астананың туған күні, өткен өмірден сыр шертетін саяси маңызға ие тарихи мереке екендігін тілге тиек еткізді және Алматыдан сол кездегі Ақмолаға көшетіндігі туралы шешім оңай болмағанын, тіпті біреулердің мүлдем қарсы болғандығын еске салды.

«Рас, күмән мен күдік басым болды. Себебі ай далада үлкен бір шаһар тұрғызу уақытты, қаражатты, батыл шешімді қабылдауды талап ететіні сөзсіз. Бірақ біздің ел осы қиындықтардың барлығын жеңіп шықты. Бір топ депутаттар болып Астанаға келгенбіз, жалдайын десек үй жоқ, ал бар үйлер болса ескі заманның үйлері. Ал тұрайын десек ең болмаған қонақ үйлерде жоқтың қасы еді. Амал жоқ, ескі бір жалғыз қонақ үй болатын, сонда әріптестерімізбен бірге тұрғанбыз. Шыны керек оңай болған жоқ, сол күндер әлі есімде. Бірақ қандай қиындықтар болмасын сүрінбей өттік», – деді ол өз сөзінде.

Бұл күні аумақтық департаменттің қатары екі жас маманмен толықты. Сынақ мерзімінен сүрінбей өткен Ерлан Сисеналиев және Хәкімбек Атадусов ант қабылдаса, уәкілетті органның оң имиджін қалыптастыруға қосқан үлесі үшін Самат Құсайынов пен Ханшайым Құспановға алғыс жарияланды.

Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда қосқан елеулі үлесі үшін бір мектеп оқушылары мен колледж студенттері қошеметке бөленді.

Атап айтқанда, 7-8 сынып оқушылары арасында «Мемлекеттік қызмет – елдің мүддесіне адал еңбек» тақырыбында өткізілген облыстық эссе байқауының жүлдегерлері марапатталды. І орынды Мұнайлы ауданы №6 орта мектебінің 8-сынып оқушысы Балдана Жұмахан жеңіп алса, ІІ орын Түпқараған ауданы М.Әбдіхалықов атындағы мектеп-гимназиясының 7-сынып оқушысы Жеңісбек Өмірзақ және Мұнайлы ауданы №8 орта мектебінің 7-сынып оқушысы Анар Асқарова өзара бөлісті. Ал жүлделі ІІІ орын Қарақия ауданы  №7 орта мектебінің 8-сынып оқушысы Альбина Жаңалықова, Мұнайлы ауданы Қызылтөбе лицейінің 7-сынып оқушысы Мирас Тоқтау және Түпқараған ауданы М.Әбдіхалықов атындағы мектеп-гимназиясының 7-сынып оқушысы Толқынай Мусаханға бұйырды.

Сонымен қатар, Маңғыстау облысы бойынша жоғары оқу орындары мен техникалық және кәсіби орта білім беру ұйымдарының студенттері арасында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға жиырма жыл» тақырыбындағы эсселер байқауында О.Тұрмағанбетұлы атындағы Маңғыстау индустриалды–техникалық колледждің студенті Айдана Лепасбаева І орын иеленсе, ІІ орында осы колледждің студенті Надежда Баранкова, ІІІ орын иесі болып «Yessenov University» студенті Рахат Укиев танылды.

Ал «Абыройлы ұстаз» тақырыбындағы бейнероликтер байқауында І орын Бейнеу гуманитарлық колледжі, ІІ  орын Маңғыстау туризм колледжі, ал ІІІ орын Каспий өңірі Болашақ колледжіне бұйырды.

Салтанатты жиын соңы жас әнші Назерке Сатыбекованың «Астана» әні және 6-сынып оқушысы Армен Саакянның «Ұлы Астана» туынлдысын орындаумен аяқталды.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және

сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша

департаментінің баспасөз қызметі

INFOTIMES

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *