Арнайы мониторингтік топ мүшелері Маңғыстау ауданында болды

Үстіміздегі жылы 4-ші шілдеде Маңғыстау ауданында болған өңірлік сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыру жөніндегі арнайы мониторингтік топ мүшелері және Агенттіктің аумақтық департамент басшысы Нұргүл Жанназарова алдымен аудандық ішкі істер бөлімі көші-қон қызметі тобының жұмысымен танысты.

Көші-қон полиция қызметкерлерінің айтуынша үстіміздегі жылдың 6 айында келіп-кетушілер саны 4000 асып түскен. Шетелдіктердің келіп кетуін бақылайтын бар болғаны екі-ақ инспектор екен. Рейд кезінде өзге құрылымдардың көмегіне жүгінуге тура келеді. Штат бірліктерін ұлғайту мәселесі ішкі істер органы басшылығының алдында көтерілген.

Өздерінің құзіреттілігіне тоқталған полицейлер шетел азаматтарының облысқа келу кестесін, олардың Қазақстан Республикасына келу, болу және кету ережесін бұзбауын бақылауды қамтамасыз етіп, заңсыз көші-қонның алдын-алу бағытында абыройлы қызмет атқарып жатқандарын айтты. Ал заңсыз еңбек мигранттары көбіне құрылыс нысандарында, жеке тұрғын үй салу және мал бағып жүрген жерінен ұсталған.

Департамент басшысы аудандық емханада болып қызмет көрсетудің электрондық форматқа көшірілуі жағдайымен танысып, мамандармен пікірлесті, қызмет алушы тұрғындармен кездесті.

Рухия Алдоңғарова бастаған, Киікбай Ешманов қостаған топ аудандық орталық ауруханасында болды. Белгілі болғандай жедел жәрдем қызметінің 4 және емхананың 2 көлігі әбден ескіріп, негізгі қызмет ету мерзімінен асып кеткен. Жалпы алғанда 12 автокөлік қызмет ету мерзімінен асып тұр. Бірақ, автопаркті жаңарту биыл жүзеге аспайтын сыңайлы. Сол себепті алғашқы медициналық көмек көрсету және науқастарды ауруханаға жедел жеткізу үшін әзірге бар көлікпен ілекерлеуге тура келіп тұр. Ауылдық округтердің интернет желісі жылдамдығының төмендігі кей мәселелерді қиындатып тұрғаны тағы бар. Ал Сайөтес пен Жармыш ауылдарында дәрігер жоқ. Әзірге осы екі ауылда тек оқытылған екі фельдшер ғана бар. Науқастар ауыр жағдайда болған кезде ғана айтылған ауылдарға дәрігерлердің баруына тура келеді, мұның өзі кейде қиындықтар туғызады.

Медицина қызметкерлері де үнсіз қалмады. Айтуларынша профилактикалық шаралар үнемі жүргзіліп отырады. Науқастарды ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздеуге шықарытан көрінеді. Емхана бір күнде 150 адамды қабылдауға қауқарлы.

Науқастарға да, емхана қызметкерлеріне де мониторинг тобының жұмысы туралы қысқаша ақпарат берілді. Бұқаралық ақпарат құралдары, үкіметтік емес ұйымдар, «Нұр Отан» партиясы, кәсіпкерлер палатасы, қоғам белсенділері, бизнес субъектеліренін құралған топтың 18 мүшесі бар. Бірнеше бағыт бойынша жұмыс істейтін ұйымның жетекшісі болып Рухия Алдоңғарова бекітілген. Халыққа да жақын, биліктен де алыс емес мониторинг тобы кемшілік іздеумен емес, керісінше күрмеуі шешілмеген мәселелерді шешуге ықпал етуге жұмыстанып жүр.

«Қоғамда өзекті мәселе көп. Тізбектеп айта берсек шетін таппаймыз. Өзіміздің тарапымыздан ұсыныстар енгізуге дайынбыз, бірақ бізге ашықтық керек. Кез-келген өтінішті жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Әрине біздің қолымызда билік жоқ, бірақ жеткізер жеріне дейін жеткізе аламыз деп сеніммен айта аламын», – деді өз сөзінде Рухия Жакенқызы.

Мұнан соң халық ең көп шоғырланатын аудандық халыққа қызмет көрсету орталығының жұмысына бас сұқты. Көрсетіліп жатқан қызметтердің барысымен танысып қана қоймай, қарапайым халықпен тілдесіп, мемлекеттік қызметтер алушы аудан тұрғындарының ұсыныс-пікірлерін тыңдады.

Анау айтқандай заң бұзушылықтар кездеспеді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жаднамалары ілінген. Ұзын-сонар кезек жоқ. Статистикаға көз жүгіртсек, жыл басынан бері аудандық халыққа қызмет көрсету орталығында 27569 қызмет түрі көрсетілген. Ал тұрғындар болса орталыққа көбіне анықтама алу, электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦП), жылжымайтын мүлікті тіркеу және әлеуметтік мәселелермен байланысты сұрақтармен көп жолығады екен.

Барлығы 20 қызметкер жұмыс жасайды. Кадр тапшылығы сезілмейді. Аудан әкімдігінің бекіткен кестесіне сәйкес, мобильді халыққа қызмет көрсеті тобы айына 12 рет ауылдарға шығып тұрады. Аудан бойынша бекітілген 6 ауыл бар екен, олар – Ақшымырау,Қызан, Тұшықұдық, Шебір, Сайөтес және Үштаған. E-gov қызметін үйренемін деушілердің басым бөлігі мемлекеттік қызметшілер, кәсіпорындар, мектеп мұғалімдері мен балабақша тәрбиеленушілері көрінеді.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері

және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша

департаментінің баспасөз қызметі

INFOTIMES

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *