Айран – еңбектеген баладан еңкейген атаға дейін баршамыздың сүйіп ішетін нәріміз. Туа бастан кез-келген сырқаттан сақтап қалатын дәл осы айранның өзі. Ал 100 жасаған ата-әжелеріміздің бірден-бір таптырмас сыры неде? Мүмкін, айранның біз білмейтін басқа да қырлары болар?!
Бүгін жасөспірімдердің таңдап тұрып ішетіні – зиянды қоспаларға толы газдалған сусындар. Дүкен сөрелерінде қаптап тұратын табиғи таза шырынның өзі 100% пайдалы деп айтуға екі талай. ГМА-ға (гендік модификацияланаған ағза) толы тауарды қарапайым айранға алмастырудың 7 дәйекті себебі мыналар:
- Ағзадағы қант мөлшерінің қалыпқа келуі.
- Айран глюкоза көрсеткішін төмендетеді. Сол себепті айранды тұтынушыларының бір бөлігі – қант диабетіне шалдыққан адамдар. Холестерин көрсеткішінің төмендеуі. Ғылыми тұрғыдан зерттелген бұл деректі көпшілік біле бермейді. Зерттеудерге көз жүгіртсек, нәтижеге жету үшін күніне 4 кесе айран ішу керек.
- Сүйектердің қатая түсуі. Сүйектердің, сонымен қатар сіңірлердің жағдайын жақсартып қана қоймай, олардың сынуынан қорғайды. Құрамындағы кальций, йод, натрий тектес элементтердің бар болуы осыған дәлел.
- Асқорытудың тұрақталуы. Көпшіліктің зардап шегетіні – асқорытудың дұрыс жүзеге аспауы. Оны жүйеге келтіру мақсатында таңертең кем дегенде 2 кесе айран ішуге тиіссіз.
- Аллергия мен астманың алдын алуы. Көктем жақындауымен балалар мен ересектер арасындағы аллергиялық белгілерді бәсеңдете түседі. Иммунитет пен көңіл-күйді көтеретін де қасиеті бар.
- Кариестің жоғалуы. Күнделікті қолданатын тіс пастасы мен фтор минералына бай айран қасиеттері тепе-тең. Кариестен бөлек, тістің ағаруына да септігін тигізеді.
- Жүрек-қан тамырларының нығаюы.
Сиқырлы сусын артериялық қысымды төмендетудегі үлесі зор. Тахикардия және атеросклероза секілді аурулармен күреседі.
Жанат НҰРАЙЫМ
Журналист