Өнеге болған – Өркен Кенжебек

Қазан айының 15-сі күні Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Отырар кітапханасында танымал блогер, «Хабар» агенттігінің интернет жобалар дирекциясының шеф-редакторы Өркен Кенжебекпен кездесу өтті.

Кездесуге университеттің журналистика және саясаттану факультетінің студенттерімен қатар, басқа да факультет білімгерлері қатысты.

Кездесу барысында танымал блогер әлеуметтік желі және медиа нарық мәселелері төңірегінде әңгіме өрбітті. Өзінің өмірлік тәжірибесімен бөлісіп, блогерліктің қыр-сырымен таныстырды. Сонымен қатар, болашақ журналистің бойынан табылуы қажет басты қасиеттерге тоқталып, студенттердің де көкейдегі сауалдарына жауап беріп үлгерді.

Бір сағаттан астам уақытқа созылған басқосудан студенттер өз мамандықтарына қатысты пайдалы ақпарат алумен қатар, мамандық таңдаудан жаңылыспағандарын түсініп қайтты.

Журналистика және саясаттану факультетінің студенті

Әлия Амантаева

INFOTIMES

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *