ҮЙ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ҚОЛ КҮТІМІ

Көктем келгендіктен бәріміздің әдемі, жинақы жүргіміз келеді. Қыс мезгілінде аяздан немесе суыққа аллергиядан қолымыз жарылып, тіліне бастайды. Ол кезде ешқандай да қолға жағатын кремдер көмектеспейді. Оның бір емін таппасақ, ол жараға айналып ушығуы әбден мүмкін.

Мен үй жағдайында эксперименталды түрде қол күтімін жасап көрдім. Оның рецептін маған анам берді. Бізге керегі бал мен жұмыртқанын сарысы. Балдың теріге берер пайдасын айта кетсек. Барлық мамандар балдың  химиялық препараттарға қарағанда берері мол деп отыр. Алдымен, балды қолдануға барлығына да бола бермейтінін ескертуіміз керек. Оны гипертониясы, дене температурасы жоғары, түгі мол адамдарға қолданбау керек. Басқа адамдарға ол тек пайдасын тигізеді. Ол тері тесіктері арқылы шлактарды шығарып,көңіл-күйіңізді көтеріп,серкегтік сыйлайды.

Жұмыртқанын сарысы  теріні керемет ылғалдандырады және оның жалпы жағдайын жақсартады.
Біріншіден, бізге 2 ас қасық бал керек.

 

Сосын, 1 жұмыртқанын сарысы.

Екеуін жақсылап араластырып, қолға жағу керек.

Бұл кремді не масканы қолданғаннан кейін әсерімді айтып кетсем.  Оны жағып, 20 минуттан кейін жуып тастаған соң,  қолымның крем жаққанға қарағанда жұмсарғанын байқадым. Рецепті қолданбас бұрын ескерту: тәттіге, балға аллергияңыз болса қолданбағаныңыз жөн.  Аллергияңыз болмаса, қорықпай қолдана берсеңіз болады. Балға аллергиям бар екенін осы маскаға дейін білмеппін.  Тұншығып демала алмасам да, қолым жұмсақ, әрі тітіркенуі қойды.

Бұл рецепт бет терісіне де пайдалы. Теріңізді сергітіп, беттегі безеу, әжімдерден арылуға көмектеседі.

Гүлдана РАХЫМБЕКОВА

Журналист

INFOTIMES

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *