Шетелдік басылымдардағы Қазақстанның имиджі

Бүгінгі таңда халықаралық аренада кез келген ел үшін аса маңызды фактор – имидж. Әсіресе, жас әрі енді дамып келе жатқан Қазақстан үшін өзге елдермен саяси, экономикалық, достық қарым-қатынас орнатуда имидж маңызды рөл атқарады.

«Имидж» сөзі ағылшын тілінен аударғанда «бейне» деген мағынаны білдіреді. Оның нақты анықтамасы қолданылу аясына байланысты анықталады [1]. «Академик» атты қаржы сөздігінде мынадай анықтама келтірілген:  «Имидж – тауардың, қызмет көрсетудің, адамның «образы», бұқараның санасында қалыптасқан ой-пікірлер жиынтығы» [2].

Интернет энциклопедияда: «Имидж – статусына байланысты әр адамның өзін қалай ұстау керектігі жөнінде көпшіліктің санасында қалыптасқан ой-пікірлердің, пайымдаулардың жалпы жиынтығы»,-деп көрсетілген [3].

Мемлекеттің имиджін қалыптастыру – қауіпсіздікті қамтамасыз ету құралы, мемлекеттің мүддесін қорғауға және оны дамытуға елеулі үлес қосатын сыртқы саясаттағы ауқымды бағыт. Өйткені, экономикалық инвестициялар мемлекеттің қалыптасқан имиджіне, оның халықаралық ресми рейтингісіне сүйенеді. Ал имиджді қалыптастыру пиар, үгіт-насихат, жарнама сияқты негізгі құралдармен жүзеге асады. Ақпарат, ақпараттық ресурстар мен технологиялардың рөлі күшейген  ашық қоғамда мемлекеттердің халықаралық ортада жағымды не жағымсыз жағынан өздерін көрсетуі тікелей бұқаралық ақпарат және коммуникация құралдарына байланысты.

Қазақстанның имиджіне баға беру үшін шетелдік басылымдарға шолу жасап шығайық.

Батыс баспасөзіндегі Қазақстан.
            Аталмыш ел баспасөзіндегі Қазақстан Республикасы имиджін қалыптастырудағы негізгі беталыстарды анықтау үшін төмендегі басылымдардың 2005-2008 және 2018-2019 жылдар аралығындағы сандары зерттеу нысаны болып табылады: The Times, Sunday Times, Finansial Times,  Guardian, Daily express, Independent, Morning Post, Evening Standart, Daily Mail, Privat Eye, Sun, United World International, Diplomat.

Еліміздегі кез келген саяси өзгерістер баспаcөз бетінде өз бағасын алып жатады. Баспасөз арқылы қоғамда белгілі бір саяси пікір қалыптасып, жаңа саяси стереотиптер дүниеге келеді. Қазақстанның саясаты тек отандық баспасөздің ғана емес, батыс баспасөзінің де негізгі тақырыбы. Саясат мәселесі ағылшындықтар тарапынан жиі сынға ұшырап, көбіне теріс баға беріліп отыратын тақырыптардың бірі.

Ішкі саясатқа қатысты көтерілетін мәселелердің дені Қазақстанның саяси жүйесін демократизациялау, нақтылай түссек, 2005 жылы желтоқсан айындағы Президенттің қайта сайлануы, 2019 жылғы кезектен тыс Президент сайлауы, көтеріліс- митингілер, елдегі дін және әлеуметтік жағдай.

Ұлыбритания баспасөз пікірінше, Қазақстандағы саяси жүйе бағыт алған демократиядан гөрі әлі күнге дейін авторитарлық нышандар басым. Дегенмен, демократия азаматтық институттарды дамыту мемлекеттің өзіндік стратегиялық таңдауы екенін атап өту артық болмас. Көптеген еуропалық мемлекеттерді толыққанды парламенттік демократия мен нарықтық экономикаға көшу бірнеше жылдың ішінде ғана емес, тіпті ғасырлар бойы жалғасқан. Демократияға еліктеу мүмкін емес, оны байыппен, өткен-кеткенді сараптай отырып қалыптастыру керек.

Шетел баспасөзінде Қазақстан мемлекетін демократизациялаудың жолдарын қатаң сынға алу мынадай жарияланымдарда көрініс тапқан: Н.Ә.Назарбаетың қайта сайланатынына ешкім шек келтірмейді( The Times, №1147,2005),  Назарбаев Президент болып қала бермек (Independent , №256,2005), Назарбаев күмәнсіз жеңістің алдында (Daily express, №139,2005), Қазақстандық хан (Sunday Times,  №455,2005), Бастысы, кәсіби маман  (Guardian, №114,2005), Назарбаевқа қарсы оппозиция қалыптасып келеді (Privat Eye, №450,2005).

Independent газетінде жарияланған Қазақстандағы сайлау қорытынды туралы кезекті материалда «Қазақстанда сайлау әділ өтті ме?» деген сұраққа:  Халықаралық бақылау ұйымдары Орталық Азиядағы жетекші мемлекеттердің бірі Қазақстандағы сайлаудың көңілдерінен шықпағандығын алдарына тартады. 91 пайызбен тағына қайта оралған елбасының жетістігі әрі шынайы өткеніне қауіп мол. Мемлекеттік қызметте істейтін сайлаушылардың барлығы дерлік Үкімет тарапынан түскен қысымнан қорыққандарынан Назарбаевқа дауыс берді. Бұл демократияға бірден бір қайшы келетін әрекет деп жауап береді[4]. Қарастырылған материалдар дені негізінен осындай пікір тұрғысынан жазылған.

Ал 2019 жылғы кезектен тыс сайлау жөнінде Finansial Times беттерінде «Кезектен тыс президент сайлауы ремормалардың ауылын жақындатып, елдің саяси болашағындағы белгісіздікті жоюға және қоғамдық-әлеуметтік мәселелерді шешуге көмектеседі»,-делінген [5].

«United World International» түрік-америкалық орталықтың 9 маусым күні жарық көрген материалында: «Қазақстан түрлі проблемаларға қарамастан айтарлықтай экономикалық жетістіктерге жетіп, Еуразия кеңістігіндегі мықты ойыншылардың біріне айналды. Негізінен бұл – Назарбаевтың еңбегі. Сыртқы саясатқа келетін болсақ,  сыртқы саясаттағы басты бағыттарды нақтылап, еуразия кеңістігінде балансты сақтап қалу Тоқаевтың негізгі міндеті болмақ» ,- деген оң пікір келтірілген [6].

Вашингтондық атақты Diplomat газетінде «Назарбаев ұрпағы: Қазақстанның жастары» атты кітаптың авторы Марлен Ляруэльдің «Қазақстан көктемі жолында» атты көлемді сараптамалық мақаласы жарық көрді. Бұл мақала Қазақстандағы биліктің ауысуы, көтерілістер, жастардың таңдауы, өзгерістер үшін жүргізіліп жатқан қозғалыстар және басқа да елдегі саяси мәселелерді қамтиды.

«Назарбаев өз елін әлемдік аренада танымал еткен «ағартылған авторитаризм» үшін; жаһандық ядролық қарусыздандырудың етек жаюына қосқан үлесі үшін; сондай-ақ, үш онжылдықтан кейін ешқандай көтеріліссіз өз еркімен президент постынан кеткені үшін  тарихта қалатыны сөзсіз.  Алайда, оның «демократияландыру және саяси институционализациялау саласындағы нашар көрсеткіштері, сондай-ақ наурыз айында биліктен кеткеннен кейін өтпелі кезеңді тәжірибесіз басқаруы» оның билік мұрасына айтарлықтай кір келтіреді », – деп жазады сарапшы.

Қазақстанның «деназарбаефикациясы» терминін енгізе отырып, биліктің ауысуын Марлен Ляруэль 3 этапқа созылатын ұзақ процесс болатындығын айтады: біріншісі – қызметтен кету және «орынбасары» Тоқаев президент болып сайланатын кезектен тыс сайлау, екіншісі – 2008-2012 жж РЕсейдегі Путин-Медведев билігі сынды параллельді президенттік билік , үшіншісі – тұңғыш президенттің саяси сахнадан толықтай кетіп, тек бір ғана президенттің болуы[7].

Осылайша, елдегі саясат оң және теріс көзқарастарға қатар ие екеніне көзімізді жеткіздік. Шетелдік сарапшылар демократизациялану процесін сынға ала отырып, тұңғыш президенттің еңбегін  жоққа шығаруға болмайтындығын да айтады.

Саясат тақырыбынан бөлек Қазақстан туралы әртүрлі жағымды материалдар да жарық көреді. Мәселен, 2017 жылы атақты американдық басылым The Huffington Post Қазақстанды топ-17 саяхатқа арналған жерлер қатарына қосты. Бұл тізімде еліміз 3-орынға жайғасты. Мақала авторлары саяхатшы ғана болып қоймай, зерттеуші болуды  және саяхатты Қазақстанның Алматы, Астана(қазір Нұр-Сұлтан), Ақтау қалаларынан бастауды кеңес береді.

«Жер көлемі бойынша әлемде 9-орынға ие. Архитектура мен экскурсияны жаны сүйетін жандар бұл елде өздерін үйдегідей сезінетін болады. Алматы қаласынан бастаңыздар – Қазақстанның ең үлкен қаласы, мұнда жақсы киім базарлары және керемет мейрамханалар жұмыс істейді»,-дейді басылым. Сонымен қатар,  табиғатының әсемдігін сөз етіп, міндетті түрде тау мен ормандарды, көл мен теңізді көруге кеңес береді[8].

Елдің имиджін мәдениет, спорт саласындағы жетістіктер де қалыптастырады. Әсіресе, ол жаңалықтар тек отандық емес, шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының беттерінен көрініс тапса. Осы орайда Димаш Құдайберген мен Генадий Головкинді атамасқа болмайды.

 

 

 

 

 

 

 

Әлемге әйгілі Forbes журналында «Beyound the yurt: transforming the Central Asian travel experience» деген мақала жарық көрген. Мақала толығымен қазақстандық әнші туралы болмаса да, автор әншінің музыкалық мүмкіндіктеріне оң баға береді.  «Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген «Бесінші элемент» фильміндегі әйгілі «Diva Dance» әнін тікелей эфирде орындап, өзінің диапазонымен халықты таң қалдырады», – деп жазады автор[9].

(Қытайлық China Daily басылым беттерінен) [10].

Қорыта келе, әлем баспасөзіндегі Қазақстан имиджіне нақты оң не теріс баға бере алмаймыз. Себебі, бұқаралық ақпарат құралдары жағымды да, жағымсыз да жаңалықтар шығарады. Және олардың саны айтарлықтай көп емес. Демек, Қазақстанның имиджі әлі толық қалыптаспаған.

 

Пайдаланған әдебиеттер:

  1. «Казахстанская политологическая энциклопедия» Алматы-1998
  2. https://dic.academic.ru/dic.nsf/fin_enc/13606
  3. https://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%98%D0%BC%D0%B8%D0%B4%D0%B6
  4. Г.Почепцов, «Коммуникационные технологии XX века», «Рефл-бук», «Ваклер» 1999.
  5. https://www.inform.kz/ru/istoricheskie-vybory-v-kazahstane-vselyayut-nadezhdu-na-vkus-demokratii-obzor-mirovyh-smi_a3536814
  6. https://www.inform.kz/ru/istoricheskie-vybory-v-kazahstane-vselyayut-nadezhdu-na-vkus-demokratii-obzor-mirovyh-smi_a3536814
  7. https://magazine.thediplomat.com/#/issues/-Li7vjiLcZOln1Btc9rh/preview/-Li7vkSoO-xzUX8ygMXG
  8. https://www.inform.kz/ru/the-huffington-post-vklyuchilo-kazahstan-v-top-17-mest-dlya-puteshestviy_a3006663
  9. https://www.caravan.kz/news/ehto-poyushhijj-chajjnik-chto-pishut-populyarnejjshie-mirovye-smi-o-talante-dimasha-kudajjbergena-578068/

https://www.nytimes.com/paidpost/china-daily/arts/the-popularity-of-musical-reality-shows-is-once-again-on-the-rise.html

Нуртазина М.Е.

INFOTIMES

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *