Нюд түсті ерін далабтары

Соңғы бірнеше жыл нюд түсті ерін далабтары өте танымал болып келуде. Себебі, ол сіздің кез- келген макияжыңызға сәйкес келіп, ұнамды көріне біледі. Бірақ дәл осы нюд түсті ерін далабтарының өздері де бірнеше түрге бөлінеді, оларды мұқият таңдаған жөн. Ендеше, өзімізге қай түрі сәйкес келетінін қайдан білеміз?

Нюд түсті ерін далабтары басқа далабтар секілді ерін түсін бет түсінен ерекшелеу үшін емес, керісінше табиғи ерін түсін көрсету үшін арналған. Сондықтан оны дұрыс таңдау үшін білезіктегі вена қантамырының түсіне мән беріп қарауымыз қажет. Егер ол жасылдау түсті болса –жылы, күлгін түсті болса -суық реңке жатады. Дәл осы принцип бойынша қажетті түсті таңдайсыз: жылы реңке қызғылт сары түсті, ал суық реңке қызғылт түсті далаб керек. Кей кездері нейтралды бет түсін кездестіріп жатамыз, оларға кез- келген түсті қолдана беруге болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Нюд түсті ерін далабтарын қолданарда нені білуіміз қажет?

  1. Ерін далабын жақпас бұрын, ерін терісіне аса мән беріңіз. Егер ерін терісі құрғап, қабыршақтанып тұрған болса, алдын- ала оны ылғалдандырып алу керек. Яғни, ылғалдандырғыш ерінге арналған бальзамдар жағуға болады.
  2. Егер ерніңіз жарылып тұрса, мынадай тәсілді қолдануға болады: алманы алып, үккіштен өткіземіз. Ботқаны 10-20 минутқа тоңазытқышқа қоямыз. Мұнан кейін оны кілегей майымен араластырамыз. Пайда болған қоспаны ернімізге жағып, 10-15 минут ұстаймыз. Бұл құрал ерніңізді нәрлендіреді.
  3. Нюд түсті ерін далабын қолдану үшін ерінге арналған қарындаш қажет. Осы қарындаштың көмегімен сіз далабтың ерінге жағу шекарасын айқын анықтап аласыз.
  4. Нюд түсті ерін бет әлпетін әлсіз етіп көрсетуі мүмкін. Бұл жағдайда бетіңізге қызғылт түсті далаб (румяна) немесе қоңырқай түсті (бронзерлер) қолдануға болады.
  5. Көзге «смоки» немесе қарапайым қара стрелкалар нюд түсті ерінмен жақсы үйлеседі.

Әсел БАҚЫТҚЫЗЫ

Журналист 

INFOTIMES

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *