Кітап – рухани азығымыз

Кітап – адамның досы, жанашыры, сырласы. Дүниенің бар байлығы кішкене ғана кітапта жатыр. Оны ашсаң сен күн шапағатына шомылып, оның әр нұры сенің бойыңа тарайды.

Осындай аласапыран әумесер дүниеде адамдарға мынадай сұрақ туындап, талқыға салынуда. Кітап оқымай-ақ адамның ой-өрісін дамытуға бола ма? Миллиондаған тіпті триллиондаған жандардың атынан дөп басып, кесіп айта алмаймын. Себебі әр адамның, әр тұлғаның көзқарасы әр бөлек. Олардың ойы менімен тура келеді ме?Ал келмесе ше? Міне осындай сұрақтар мені алаңдатады.Сол себепті ақ қағаз бен көк сияны арқау етіп, өз көзқарасымды білдіргім келеді.

Кітап-ұлттық құндылықтарымыздың алтын діңгегі. Өйткені Құран Кәрімнің арабшадан аударғандағы мағынасы, «оқу» екен. Кітапсыз өткен әр күнім қараңғы қапаста қалған тұтқын секілді. Сол тұтқындықтан босатып алар бірден-бір досым – кітап.

Себебі сен кітап арқылы әуелі Алла Тағалаға дұға етіп ниет етесің. Содан соң халқыңның өткен тарихының жілігін шағып, майын ішесің. Ал, өткенді біле алмай болашаққа қадам баса алмайсың. Қаншама ақиық ақындарымыз кітап арқылы артынан өшпестей із қалдырды. Әлем мойындаған талай данышпан ғалымдар болды. Мәселен Отырар қаласынад дүниеге келген Әбу-Насыр-Әл-Фараби 150-ден аса еңбектер жазып, Бағдат қаласына оқу іздеп барған.

Иә, ізденген жетер мұратқа демекші оқу-білім адамды бақытқа жетелейді. Сол бақыттың баспалдағы- кітап. Елбасымыздың бізге сенім білдіріп, рухымызды жаңғыртып, болашаққа рухани жаңғыру жобасын іске асыруды мақсат етуі- осының айқын дәлелі.

Философиялық ғақлияларын дүниеге алып келген дара, дана Абай атамыздың өсиеті осы бағдараманың түпнұсқасы десек қателеспеспіз. Абай атамыз да рухани жаңғырудың биік шыңына жеткісі келді. Жалғыз емес, қалың күпі киген өз халқымен. Сол арманның жетегінде халқымыздың бес арысы да үмітпен күй кешті.Ахмет Байтұрсынов «Маса» жинағында ұйқылы қапаста жатқан халқын маса сияқты ызыңдап оятқысы келді. Кітап оқып, білім терезесін ашып «Қазақ» атты газеттің негізін қалады. XX ғасырдың рухани жаңғыруын биік шыңына жеткізуді мақсат етті. Ұлы тұлғаларымыз кітап арқылы Абай атамыз айтқандай бір кірпіштерін мықты етіп қалап кетті.

Ал, енді алаш ардақтыларының көкке шыға алмаған асыл арманын Елбасымыз ақылгөйлігімен халқымызды қайтадан рухани жаңғыруға шақыруда. «Болашаққа бағдар- рухани жаңғыру»  атты мақаланы біз Тәуелсіз Қазақстанның жаһандану дәуіріндегі рухани кеңістігіміздің жаңа бастауы деп бағалауымыз керек. Осыған орай жасалған бағдарламаның бір бөлімі «100 кітап» деген атау. Бұл дегеніңіз көркем шығармаларды оқу барысында біз, жастар, рухани азық аламыз, ұлттық болмысымызды дамытамыз.

Білім мен тәрбиесі ғажап түрде үндескен, ұлттыұ идеологиясы темірқазығына айналған табысты ел болуымыз үшін жақсылыққа ұмтылып, сананы рухани жағынан үнемі жетілдіріп, дамытып отыруға тиістіміз. Ең бастысы- бағыт- бағдарымыз анық.

Аружан Сәрсенбек

Журналистика мамандығының 1-курс студенті

INFOTIMES

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *