«КАБЛУК» немесе «БИІК ӨКШЕЛІ АЯҚ КИІМ»

Қазіргі таңда, биік өкшелі аяқ киімді тек той-жиында ғана емес, күнделікті өмірде  киетін бикештер де баршылық. Оның себебі де әртүрлі. Бірі бойының аласа болғандығынан кисе, енді бірі дене бітімінің мінсіз көрсету үшін тырысады. Иә, сәнді әрі әдемі болуды кім жақсы көрмейді?! Бірақ, сұлулық әлемді билейді демекші, оның пайдасы мен зияны жайлы білген абзал. Алдымен бұл аяқ киім түрінің тарихына көз жүгіртейік.

Орта ғасырдың соңында пайда болған аяқ киім Еуропаға Парсы империясынан келген.  Ал парсылықтарға бұл дәстүр Ежелгі Египеттен жалғасқан. Бірақ, ол сән әлемінде емес, басқа мақсатта рөл атқарған. Шаруалар батпақта оңай қозғалыс жасау үшін аяқ киімге өкше қадап қойса, еуропалықтар атқа міну үшін киген. Бұл  тек 18 ғасырда   ғана сән саласына еніп, тек әйелдер киетін аяқ киім болған.

Жалпақ тілмен биік өкшелі аяқ киім дегенімен ол ұзындығы мен қалыңдығына байланысты әр түрлі келеді. Жіңішке әрі ұзын өкше аяқты ауыртады, өкшесі қалың болса жүруге ыңғайлы деп жатады. Осы ретте сән саласына «платформа», яғни қалың  табанды аяқ киімдер шықты. Ол  биік болса да күнұзақ киіп жүруге жеңіл, аяқ табанын ауыртпайды екен.

 

 

 

 

 

 

 

Ал дәрігерлердің айтуы бойынша, адамның табаны мен омыртқасы 23 жасқа дейін өседі екен.  Осы кезеңде биік аяқ киімді сирек  киген жөн. Күніне 3-4 сағат қана кию керек, әйтпесе аяқ ауруына алып келуі мүмкін. Сондықтан да биік өкшелі аяқ киімді уақытымен киіп, жай табанды аяқ киіммен ауыстырып отыру қажет. Ол аса сәнді көрінбесе де денсаулық бірінші орында тұратынын ұмытпайық.

P.S.  Адамның аяғы таңертең-кішкентай, кешке-үлкен болады екен. Неге дейсіз ғой? Себебі, күні бойы аяқ киіммен жүргендіктен кешке қарай адамның аяғы  ісік болады. Сондықтан да  аяғыңызға жиі жаттығу жасап, демалдырып отырыңыз. Ал шопинг жасағыңыз келсе, түстен кейін немесе кешке барғыіыз жөн.

Зарина КЕҢЕСОВА

Журналист 

INFOTIMES

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *