Жоба туралы

Әлемдегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың жылдам дамуы кезінде мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігінің нақты көрсеткіші – инновация мен ғылымның дамуы. Қазіргі интернет – ақпарат іздеудің маңызды құралы, әрі тәжірибе мен білім алмасудың әлеуметтік платформасы екені айқын.

INFOTIMES.KZ ғылыми-танымдық сайтының мақсаты – жаңа мультимедиялық құралдарды қолдана отырып, еліміздің ғылым мен техникадағы қазіргі жетістіктерін жұртшылыққа таныту, әрі қазақстандық ғалымдар, жас зерттеушілер және ғылымның әр-түрлі саласын терең зерделеуші мамандар мен интернет пайдаланушыларды біріктіретін еліміздің алғашқы онлайн платформасын құру.

Сондай-ақ, осы ресурста еліміздің танымал ғалымдарының кең аудиторияға арналған еңбектерінің электронды нұсқалары жинақталып, оқырман назарына ұсынылады.