БҰҰДБ халықтың өмір сүру деңгейін жақсартуға бағытталған тұрақты дамуға шақырады

Бүгін Назарбаев Университетінде Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасы (БҰҰДБ) «Урбанизация инклюзивті және тұрақты дамудың тездеткіші ретінде» атты ұлттық баяндаманы ұсынды. Іс-шараға мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың, ғылыми және сараптамалық қоғамдастықтардың 100-ге жуық өкілдері қатысты. Олар Қазақстандағы урбанизацияның негізгі мәселелері мен мүмкіндіктерін, содай-ақ адам дамуының индикаторларын жоғарылату үшін қала әлеуетін қалай пайдалану керектігін талқылады.

Урбанизацияның тұрақты саясаты халықтың әл-ауқатын едәуір жоғарылата отырып, әлеуметтік жағдайды қоршаған ортаны және экономиканы жақсартуға мүмкіндік береді. Зерттеулерге сәйкес, экономикалық, экологиялық және әлеуметтік сияқты тұрақтылықтың үш өлшемі арасындағы тепе-теңдікті сақтау басты шарт болып табылады.

«Тиімді басқару мен дұрыс жобалаудың арқасында урбанизация Қазақстанның тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуге көмектеседі. Жақсы ойластырылған саясат экономиканы әртараптандыруға, жұмыс орындарын құруға, өнімділікті арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар кірістер теңсіздігі, тұрғын үйге қол жетімділік, көлік пен қоршаған ортаның ластануы сияқты урбанизация қауіптерін азайтады», – деді Якуп Бериш, БҰҰДБ-ның Қазақстандағы тұрақты өкілі.

Есепте екі индекс пайдаланылады: Қазақстанның барлық өңірлері үшін есептелген урбанизацияға (АДИ) сәйкес адам дамуы индексі және елдің 30 ірі қаласы үшін құрастырылған тіршілік орта индексі (ИСО).

БҰҰДБ-ның 2019 жылы жарияланған Адами даму бойынша жаһандық баяндамасына сәйкес, Қазақстан 189 елдің ішінде 50-ші орынды иеленіп, адами дамуы өте жоғары деңгейгдегі елдердің қатарына енді. Бұл азаматтардың денсаулығы, білімге қол жетімділігі мен өмір сүру деңгейінің жақсы көрсеткіштерінің арқасында мүмкін болды. Алайда, барлық аймақтарда антропогендік ортаның, оның ішінде ғимараттардың, инфрақұрылымның, жолдардың, көлік жүйелері мен қоғамдық орындардың сапасы төмен болып шықты. Сондықтан, антропогендік ортаны жақсарту адамның дамуы мен қалалық жерлерде адамның әл-ауқатын жақсартуға мүмкіндік береді.

Сонымен бірге адам дамуының жоғары көрсеткіштері елдің облыстары мен қалалары арасында біркелкі емес. Мысалы, Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары және Павлодар облысында көрсеткіштер жоғары болса, Ақмола, Солтүстік және Оңтүстік Қазақстан облыстарының қалалық аудандарында мүмкіндіктер төмен деңгейде.

Оған қоса, Қазақстанның ең дамыған қалаларының өздері мүмкіндіктерін толық пайдаланбайды. Қалалар негізгі қызметтердің, әсіресе ауыз судың, санитария мен жылудың сапасын жоғарлату арқылы адам дамуының көрсеткіштерін жақсарта алады. Қоғамдық көліктің жетіспеушілігі азаматтарды жеке көліктерді қолдануға мәжбүр еткізеді, бұл кептелістер мен ауаның ластану деңгейіне теріс әсер етеді. Интернетке қол жеткізу, халықтың тығыздығы мен жасыл аумақтардың көлем көрсеткіштері барлық 30 қалада әлемдік деңгейден едәуір төмен.

Сонымен қатар, баяндамада қалаларды дамытудың тұрақты саясаты туралы ұсыныстар еңгізілген. Солардың ішінде халықты ескеретін басқару моделін ілгерілету, қалалардың өсуі мен кішіреюуіне байланысты әртүрлі басымдықтарды таңдау секілді ұсыныстар бар.

Бүгінгі іс-шарада баяндаманың жетекші авторы, БҰҰДБ-ның штаб-пәтеріндегі Адами даму бойынша баяндама бөлімінің директоры Педро Консейсаоның қатысуымен «Табыстардан тыс, орташа деңгейден тыс, бүгіннен тыс: 21-ші ғасырдағы адам дамуындағы теңсіздік» атты жаһандық баяндама да ұсынылды.

INFOTIMES

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *