Кофенің адам денсаулығына тигізер пайдасы қандай?

“Американо, Латте, Капучино” – бұл атаулар сізге де таныс болар. Иә, бұл кофе атаулары. Әлемде 2 миллиард адам таңын кофе ішуден бастайды екен. Қазіргі кезде кофе ішу қысқа демалыс түрі ғана емес, сонымен қатар, сұхбаттасудың да негізгі түріне айналған. Көпшілік бұл сусынның тек зиянды жақтарын біледі. Алайда, тағамтану мамандары бұл өнімді мөлшерімен ішу денсаулыққа зиянсыз екенін анықтаған.

Кофенің 5 түрлі пайдасы

  1. Ми жұмысының белсенділігін арттырады.

Кофе ішу ми жұмысына ерекше әсер береді. Мәселен, адам қимылдағанда ағзада аденазин деген қосынды бөлінеді. Ол мидағы нейрондармен әрекеттесіп, ұйқы шақырады, ми қызметін бәсеңдетеді. Ал кофе олардың үдерісін уақытша тоқтатып, нейрондарды белсенді қызмет етуге итермелейді. Соның нәтижесінде адам сергек болып, күш-қуат жинайды.

  1. Жүрек жұмысын жақсартады.

Кофені мөлшерімен ішу жүрекке оң әсерін береді. Атап айтсақ, жүрек қантамыр ауруының жұмысын жақсартады, жүректің соғу санын жиілетеді және жүректің жиырылуын арттырады.

  1. Иммундық жүйені реттейді.

Кофенің құрамындағы кофеин ағзаның иммунитетін нығайтады. Мысалы, кофені күніне бір шыны ішетін адам бауыр, қант диабеті, астма ауруына шалдықпайды.

  1. Бас ауруын бәсеңдетеді.

Кофе құрамындағы кофеиннің дәрілік ем ретінде пайдасы орасан. Мәселен, бас ауырған кезде бір шыны кофе ем болады.

  1. Есте сақтау қабілетін күшейтеді.

Адамның миы алғашқы 60 минут ішінде тез есте сақтап, лезде естен шығаруы мүмкін. Егер мәліметті кофе іше отырып оқитын болсаңыз, онда оны ешқашан ұмытпайтын көрінеміз.

Кофе құрамындағы басты зат, ол – әрине, кофеин. Кофенің адам психологиясына, ойлауына тигізер пайдасы орасан. Алайда, жүйке жүйесі өте сезімтал, жүрегі ауыратын, қан қысымы жоғары, ұйқысы шала адамдарға кофе ішуге болмайды. Сондай-ақ асқазаны ауыратын адамдар кофені мүлдем ішпегені абзал.

Гулжазира Сапар

Журналистика мамандығы

2-курс студенті

INFOTIMES

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *