Ерлер стиліндегі құпиялар

Жыл сайын сән әлемі жаңа киім үлгілерімен толығып отырады. Қыз-келіншектерге ғана емес, ер азаматтарға арналған киімдер де жылдан-жылға жаңарып өзгеруде. Нәзік жандылардың гардеробына қарағанда, ер адамдардың фасондары бір-біріне ұқсас болып келеді. Сондықтан киім таңдауға аса ұқыптылықпен қараған жөн. Назарларыңызға ер адамдардың стилінде ескеруді қажет ететін негізгі қағидаларды ұсынамыз.

 1) Сәтті пиджак. Сәтті таңдалған пиджак дене пішімінің барлық кемшіліктерін жасырып тұрады және ер адамды сырбаз етіп көрсетеді. Иық еніне сәйкес келіп, ал арқасында жиырылған жерлер болмауы тиіс. Гардеробта сыммен және жейдемен ғана емес, сондай-ақ, джинсымен және футболкамен де киюге болатындай пиджак болғаны дұрыс.

2) Жейдені таңдау. Дұрыс өлшемдегі жейдені таңдау үшін мойын айналасын шамамен саусақ сыятын орын қалдыра отырып, өлшеу қажет.

3) Галстук ұзын болуы тиіс. Классикалық іскерлік стилімен алғанда, галстук сым белі сызығына дейін жетуі тиіс.

Жейде және галстук

Жейдені галстукка үйлесетіндей емес, керісінше, әрдайым галстукты жейдеге сәйкес етіп таңдаған жөн. Егер сіз таңдаған галстук бір түсті болмаса, онда, галстуктағы негізгі түс – жейде түсіне сай таңдалуы шарт, ал, қосымша түстер жейдені тек толықтырып тұруы қажет.

Аяқ киім мен костюмді түстеріне сәйкес дұрыс үйлестіру әдісі

Күртешеге түймені дұрыс тағудың қарапайым ережелері

  1. Жоғарғы түймені кейде тағуға болады;
  2. Ортаңғы  түймені әрдайым тағып жүрген жөн;
  3. Ал, күртешенің ең төменгі бөлігінде орналасқан түймені тақпағаныңыз абзал.

                    Киімдерді бір-біріне  үйлесімді етіп таңдай білу – аса үлкен ізденісті талап етпейді. Бар болғаны, жоғарыда келтіріп өткен қағидаларды назардан тыс қалдырмасаңыз болғаны. 

Индира Жұмагелді

INFOTIMES

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *