Шетелге танымал қазақ жігіті

       Заман өзгерген сайын сән әлемінің де ауқымы кеңейгені жалған  емес. Әйел затының ажырамас бөлігіне айналған аталмыш термин, кейін ерлерге де таптырмас ермекке айналды. Тіпті ерлердің сәнге деген сұранысының артқанын айтпасқа болмас. Оған дәлел шетелдіктердің назарына іліккен қазақстандық сәнқой жігіт – Димаш лақап атымен танымал Дінмұхаммед Әділет. 

1992 жылы ауқатты отбасында дүние есігін ашқан Димаш, бүгінде Женева қаласындағы элиталы аппартаментте тұрады.  Алғашында қымбат көліктердің бірінде отырып бейнероликтер түсіріп, әлеуметтік желілерге таратқан. Сол сәттен бастап, қазақ жігітінің танымалдылығы арта түсті. Ертегідегі ханзаданың протатипі іспетті, «ханшайым» болам деген нәзік жандылардың қатарында шек жоқ.

11 жасынан бастап Швейцарияда білім алып, қазіргі таңда әлемдегі ең ақылды зияткерлердің қатарынан көрініп жүр. Сәннен бөлек ол, психологиямен, кәсіпкерлікпен айналысып, бірнеше тілдерде де еркін сөйлейтінін жеткізді. Сыртқы келбетінде де, ақылының зеректілігінде де мін жоқ. Сән әлемінде таптырмас пішінге қызығушылық танытқан шетелдік атақты брендтерде модель болып қызмет ету ұсыныстары тасталған. Сыртқы келбетке аса мән беретін Димаш, сән әлемінің өміріндегі үлкен орынға ие екендігін  және сән әлеміндегі өзінің өмірінің зор екендігін де жасырмайды.

Гүлбарам Құрақ

INFOTIMES

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *