Қазіргі танда тәуелсіз отанымыз, қазақ елінің жаңа тарихы мен беделі мына біздің, жас буынның қолында. Әрине байырғы заманнан келе жатқан еліміздің құнды тарихын біз барша әлемге насихаттау аясында жеткізіп, пайымдауымыз керек. Себебі, қазақ елінің бай тарихын және еліміздің бүгүнгі жетістіктерін жаһанға дәріптеу мына біздің ортақ парызымыз. Әр адам пенде болғандықтан, өзінің өмірдегі міндетін орындау керек деп ойлаймын. Ал отанын болса, одан әрі жаңғыртып, оның өмірдегі маңыздылығын түсінуі жөн. Сол себепті, мына біздерге, жас ұрпаққа бұл қиындыққа түссе де, бұл қиындықтан еңбектене өту керекпіз. Қазір жиырма бірінші ғасыр, әлемде біз үшін қолжетімді көптеген мүмкіндіктер бар.
Өз көзқарасыма келсем, мен қазірден бастап өз елім үшін еңбектенгім келеді. Көп те аз да болса да, пайдамды тигізуге тырысамын. Шыңы керек, мен үшін отанымның, елімнің, жерімнің орны аса маңызды. Алдағы уақытта осы мақсатыма жетемін дем үміттенемін. Қазақ елін барша әлемге мақтан етсем, бақытқа көл жеткізгендей боламын. Ең бастысы – өз алдына мақсат қоя білу және осы мақсатты жүзеге асыра білу. Кейін сол мақсатқа талпыныс, еңбек, сабырлық қасиеттерін ұстану. Бұл әр адамның қолынан келеді. Өзімнің құрдастарыма берер кеңесім: елімізге құрметпен қарап, оны келешекте жаңғыртуға дайын болу!
Айдана Садуақасова