Бақытты жазушымен өткен әсерлі кеш

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенттерімен қазіргі қазақ журналистикасында өзіндік стилімен ерекшеленетін танымал тұлғалардың бірі. «Нұр Астана» және «Айқара» республикалық басылымдары мен «Qogam.kz» порталы сияқты жобаларды жүзеге асырған журналист – бірнеше публицистикалық кітаптың авторы. ҚР Президенті, ҚР Үкіметі және «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы Баспасөз қызметтерінде ұзақ жылдар бойы жемісті еңбек еткен Халықаралық Ақпараттандыру академиясының академигі Шархан Қазығұл ағамызбен кездесу өтті.
Жазушы 2022 жылы алғаш рет өткен mecenat.kz байқауының қорытындысы бойынша Еліміздегі ең үздік роман авторы деп танылып, өмірінің соңына дейін ай сайын 500 доллар cыйақы жеңіп алған болатын. Әңгіме сайыста жеңіс тұғырына жеткізген «Күлпет» романы жайлы басталды. Студенттер одан бөлек жазушының «Оңашадағы онлайн ойлар» атты кітабына да қызығушылық танытып, сұрақтарын қойды. Шархан аға түрлі қойылған сұрақтардан бөлек кездесуге қатысушыларға мотивациялық әңгімелерін де айтты. Жазушының айтқан алғашқы ақылы өздеріңіздің тәуелсіздігіңіз үшін күресіңіздер, егемен адам болыңыздар деді. Әрине, айына 500 доллар сыйақы алып отырған ағамыздың тәуелсіз екенін айдан анық. Алайда материалдық тұрғыда. Одан бөлек жастарға даму үшін үш құндылықты да тілге тиек етті. Өзіндік оқу, өзін-өзі басқару және өзіңді тәрбиелеу. Кездесудегі қойылған сұрақтар бойынша Шархан Қазығұл түрлі сала жайында өз ойын жеткізді. Қазақтың бас ақыны жайлы «Абайды ақын деп есептемеймін, ол бірінші кезекте философ. Ол кісі қазақтықтан тамырын ажыратпай әлемдік өркениетті меңгерген адам»,-дей келе жастарды Абай бойындағы гармонияға ұмтылуға шақырды.

Кездесу соңында студенттерге Шархан Қазығұл өзімен бірге алып келген кітаптарын сыйға тартып, жастарға ізгі тілегін білдірді.

 Киікбай Ерлан

INFOTIMES

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *