Наурыз мейрамы туралы не білеміз?

  1. Наурыз қазақ жерінде сан ғасырлардан бері тойланып, ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып келе жатса да, Кеңес үкіметі бұл мерекені “діни мейрам” деп таныды. Ал 1926 жылы ресми түрде тойлауға тыйым салды. Салт-дәстүрді берік қолданатын отбасылар ғана мейрамды жасырын атап өтті. Осылайша, Наурыз мейрамы 1988 жылы қайта жаңғырды.
  2. 2010 жылдан бастап Қазақстанда бұл мейрам үш күн: 21-23 наурыз аралығында аталып өтіледі.
  3. Орта Азияның негізгі байырғы халқы: қазақтар, қарақалпақтар, өзбектер, қырғыздар, тәжіктер және түркімендер – этникалық мұсылмандар ретінде саналады. Нәтижесінде, бұл халықтардың барлық ұлттық мерекелері мұсылман мерекесі ретінде қабылданады.
  4. Наурыз мейрамында халықтық ойындар мен сауықтық кештер ұйымдастырылады. Бұл күні ұлттық-ойындар мен көңiлдi кештер өтеді. Мысалы, қыз қуу, алтыбақан құру, ұлттық билер, көкпар, бәйге және т.б
  5. Мереке күні қар жауып тұру жақсы ырым деп саналған. Бізге жеткен қазақ аңыздарында қыздың сұлулығы Наурыздың ақ қарына теңестеріледі.
  6. Парсы тілінде Наурыз «жаңа күн» деп аударылады.
  7. Бұрын Наурыз мейрамын бүкіл ел болып қарсы алатын. Жастар жағы түгелдей мерекені таңнан қарсы алып, тазаланған арықтарға су жіберіп, ағаш отырғызып, гүл егу рәсімін өткізуден бастайтын.
  8. Наурыз мерекесін Наурыз көжесіз елестету қиынға соқпақ. Уақыт жақындаған сайын әрбір отбасы бұл тағамды істеп, жеңгелеріміз үлкендерден кеңес сұрап, түрлі дайындау жолдарымен танысады.
  9. Мереке қарсаңында 22 наурыздың түні қазақтар ғажайып аңыздардағы бейне – Қызыр атаны күтеді. Наурыз қарсаңы Қызыр түні немесе «бата түні» деп аталады. Қазақтар бұл түні Қызыр атаны күтіп, ұйықтамауға тырысады.
  10. Сондай-ақ Наурыз қарсаңында қарыз қайтару, арадағы ренішті кешіру,барлық қиындықтарды ескі жылы қалдыру керек деп есептеледі. Жаңа жылды жаңашылдықпен бастау үшін мереке алдында үйді тазалап, қажетсіз заттардан құтылып, қоқыстардан тазарту керек.

         Нусупканова Дильнара

INFOTIMES

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *