РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЕМИНАР ӨТЕДІ

2022 жылдың 31 мамыр-3 маусым аралығында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Тіл саясаты комитетінің тапсырысымен Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы «Заманауи оқытушының цифрлы трансформация кезеңіндегі тілді үйрету шеберлігі» атты республикалық онлайн-семинар ұйымдастырады.

Шараның мақсаты – ақпараттық технологиялардың мүмкіндіктерін жан-жақты пайдалану арқылы оқытудың тиімділігі мен сапасын арттырып, қазақ тілінің оқыту әдістемесін жетілдіру, мемлекеттік тілді үйретуші оқытушылардың әдістемелік дағдыларын арттыру, жас мамандарға әдістемелік көмек беру, өзара тәжірибе алмасу.

Онлайн бас қосуды Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің доценті, филология ғылымдарының кандидаты Мұсаева Гүлбағиза Әбіласымқызы жүргізіп, мемлекеттік тіл және оны үйретудің тиімділігін арттыратын үздік әдіс-тәсілдер, сабақты ұйымдастыруда заманауи педагогикалық технологиялар, сабақтың құрылымы, тілді үйрету алгоритмі тақырыптары аясында білім береді.

Іс-шара барысында қатысушылар өзара тәжірибе алмасу арқылы әдістемелік біліктіліктерін арттырады, алған білімдерін сынама-сабақ өткізу арқылы іс жүзінде қолданып көрсетеді. Соңында сауалнамаға жауап беріп, келесі курстардың бағыт-бағдары, тақырыбы, форматы айқындалады, қатысушыларға сертификат табысталады.

Семинарға Тіл басқармаларының қызметкерлері, облыстық және аудандық тілдерді оқыту орталықтарының  оқытушылары мен  әдіскерлері  қатысады.

Өтетін мерзімі: 2022 жылғы 31 мамыр – 3 маусым

Басталу уақыты: 14:00

Өтетін орны: Нұр-Сұлтан қаласы Сауран 7а Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының конференц-залы, Zoom платформасы

INFOTIMES

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *