«Тіл шебері – 2021» байқауының жеңімпаздары анықталды

БҒМ Тіл саясаты комитетінің  ұйымдастыруымен 9 қараша күні үш тілді (қазақ, орыс, ағылшын) жетік меңгерген мемлекеттік қызметшілер арасындағы «Тіл шебері – 2021» республикалық байқауы өтті. Байқауға орталық атқарушы органдардан мемлекеттік қызметшілер қатысып, өзараса сайысқа түсті.

 Байқау нәтижесінде мынадай қорытынды шықты:

Гран при   Айтмаганбетов Дархан Дүйсенбекұлы – Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Қоғамдық мүдделерді қорғау қызметіндегі Бас Прокурордың аға көмекшісі;

І орын Ермұхан Асқар – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Халықаралық ақпарат комитетінен басқарма басшысы;

ІІ орын Әділханов Алмаз Әділханұлы – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі  Экономика, қаржы және сауда саласындағы жобаларды сараптау басқармасының бас сарапшысы;

ІІ орын – Уәли Еламан Сайлаубайұлы – Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс басқармасының бас сарапшысы;

ІІІ орын Садықов Құмар Ерсайынұлы – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі қызметкері;

ІІІ орын – Игіман Қуаныш Жомартұлы – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Идеологиялық және имидждік жұмыс департаментінің бас сарапшысы;

ІІІ орын – Өмірзақова Диана Ахметқызы – Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау  министрлігі Заң қызметі департаменті Құқықтық қамсыздандыру және наразылық-талап жұмыстар басқармасының сарапшысы жеңімпаз атанды.

Қалған барлық қатысушылар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Тіл саясаты комитетінің төрағасының Алғыс хатымен марапатталды.

INFOTIMES

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *