Маңғыстау облысының әкімдігі тікұшақ апатынан қаза тапқан әскери қызметкерлердің отбасына 1 миллион теңгеден көмек беретін болды. Кеше таңғы сағат 8-де Ақтаудан ұшып шыққан Ми-8 әуе көлігі кешкі 5-тер шамасында Қызылорда аумағында жерге құлап, түгел жанып кеткен болатын. Шейіт болған 13 адамның 12-сі Ақтаудағы №30153 әскери бөлімінің қызметкерлері.
Бүгін облыс әкімі Ералы Тоғжанов құлаған тікұшақтың тізгінінде болған Роман Костыговтың отбасына барып, көңіл айтып, қажетті көмектің көрсетілетінін жеткізді.
Маңғыстау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі