Асаубек Айымбетовпен кездесу

Еуразия  ұлттық  университетінің  «Көзқарас» баспасөз  клубы өз жұмысын бастағанына  биыл үшінші  жыл. Журналистика және  саясаттану  факультеті  деканының  орынбасары  Гүлжауһар  Жамбылқызының  жетекшілігімен  жұмыс  істейтін клуб  ағымдағы оқу  жылындағы жұмыстарын  бастап  та  кетті.

Қатарына  бірінші  курс студенттерін  қабылдаған «Көзқарастықтардың» саны  биыл да  толыға түсті. Клубтың  жылдық жоспарына  сәйкес 22 қыркүйекте «Көзқарас» баспасөз  клубының  ұйымдастыруымен «Еуразия»  бірінші арнасының  жаңалықтар  жүргізушісі, журналист  Асаубек  Айымбетовпен кездесу өтті.

Шара аптаның соңғы жұмыс күні  өткізілгеніне  қарамастан салмақты  әңгімеге құмартқан  студенттердің  қарасы  қалың  болды. Жақсы көңіл-күй, үлкен қызығушылықпен  басталған  кездесуде  әдемі әңгіме  өрбіді. Журналистикаға бозбала  шағында келген  Асаубек  Айымбетов осы  салаға  қызығушылығының  қалай  оянғаны, алғашқы жұмысы туралы айтып, өз  тәжірибесімен бөлісті. Тікелей эфирдегі жұмыс, тосыннан  болатын жағдаяттарға дайын болу, эмоцияны  жасыру, сонымен қатар, тележүргізуші  болу үшін  қойылатын  негізгі  талаптар, критерийлер  туралы айтылды.

Студенттердің түрлі  тақырып аясында  қойылған  сұрақтарына журналист  жан-жақты әрі толық жауап берді. Қай  кезде  де өз  саласының  мықты , кәсіби мамандары  сұранысқа ие болатыны  сөзсіз. «Сіз үшін  кәсібилік  деген не?» деген  сауалға Асаубек: « Кәсібилік – ол  тек  керемет сөйлеп, жақсы  жаза алу ғана емес,  ол өз  салаңның түрлі  қатпарына  шыдас беру, құлдырау  кезеңінен әдемі өту, адамдармен  дұрыс тіл  табыса  алу» деп жауап берді.  Жақсы журналист  әрдайым «жусаннан  аласа, бетегеден  биік  болу» керектігін де  сөзге тиек етті.

Шығармашылық дағдарыс кезеңдерінде  анасының  сөздерінен  шабыт алатын  тележүргізуші  «келу  қиын, кету  оңай»  екенін  үнемі  есте  ұстау  керектігін  айтады. Сондай-ақ, ол жастардың ойларын да тыңдап, ақыл-кеңесін  аямады. Алдағы жоспарлары  мен  иделарын да  жасырып  қалмады.

Айта  кету керек, Асаубек  Айымбетов жастарға, қоғамға әсер  ете  алатын  санаулы  журналистердің  сапында. Ол кісіні  үлгі  тұтатын жастар  көп.  Қазақстандағы белсенді фан-клубы  бар бірден-бір журналист те осы Асаубек Айымбетов. Айтары  бар, берері  мол тұлғамен өткен кездесу студенттердің  көңілінен шықты. Кездесуден көп ақпарат алған олардың өз  мамандықтарына деген  сыйластығы мен  махаббаты  арта  түсті.

Сымбат Келдібек

«Көзқарас» баспасөз клубы

INFOTIMES

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *