Сәнді жаңғыру

    Бүгінгі киіп жүрген сәнді киіміңіз, әдемі сөмкелеріңіз ертең ескіріп, “модадан” шығып қалатыны өтірік емес. Бірақ, соған көніп, ескі заттарыңыздан құтылуға асықпаңыз! Себебі, кешегі бренд бүгінгі тренд. Сән де “Руxани жаңғыру” сияқты, ұдайы алмасып тұрады. Ал, енді сәннің бағытын айқындап, болашағын болжап көрейікші. Шамамен, 10-15 жылға артқа шегініп көрейік? Не сәнді болды? Есіңізге түсірдіңіз бе? Демек, солар қайтадан сән әлеміне оралмақ.. Менің есіме ең бірінші, “галифе” шалбарлар есіме түсті.. Ондай шалбарларымның кішірейіп қалғаны қандай өкінішті..

     О-о, шашақтары бар топиктер есіңізде ме? Дәл сондай шашақтар шалбарлар мен белдемшелердің етегінде, сөмкелердің қырларында болушы еді ғой? Ондай жейделеріңіз болмаса қайшыңызды қонаққа шақырсаңыз болады.

    Әдемі, сәнді “плащ” гардеробыңызда бар ма еді? Ендеше, бақыттысыз.. Оның да жаңғырар сәті туар.

    Тізеден төмен түсіп, етегі көлбіреп тұратын “француз” стиліндегі белдемшелер де сәнге қайта оралайын деп тұрғандай.. Тіпті, етегі кең шалбарлар бүгінде трендке еніп үлгерген..

  Сондай-ақ, домалақ пішінді, көлемі үлкен сырғалар да сәнге айналып барады. Қызық, иә? Бұл тек мысалдардың аз бөлігі ғана. Ендеше, сәннен қалып қоймас үшін, “модадан” мол мағлұмат ала жүріңіз.

Ақерке Берденбекқызы

INFOTIMES

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *