Қолшатыр – жаңбырлы маусымда әрбір адамның жанынан табылатын, жауыннан қорғайтын басты құрал.
Қолшатырдың бірнеше түрлері болады:
-Механикалық;
-Жартылай автоматты;
-Автоматты;
-Екі еселі автоматты.
Қолшатырды сатып алмас бұрын оның сапасына, пішініне мән беру керек. Темірлері жіппен емес арнайы бекіткіштермен қапталып, саны сегізден кем болмауы тиіс. Егер де бойыңыз аласа болса, саңырауқұлақ кейіпіне еніп кетпес үшін , қолшатырдың аса үлкенін таңдамағаныңыз абзал.
Қолшатыр дизайнында екі ғана таңдау бар: жиналмалы және жіңішке таяқты қолшатыр. Жіңішке таяқты қолшатыр кез келген жиналмалы қолшатырдан мықтырақ болып келеді.
Қазіргі таңда арулар қолшатырды сәндік аксессуар ретінде де қолданады. Қолшатырыңыз басқа да аксессуарлармен ,мәселен, сөмке, шәлі , қолғап, галстук тіпті аяқ киіммен де үйлесім тапса стиліңізді ерекше айқындай түседі. Сүйікті қолшатырыңыз сізге ұзақ қызмет етуі үшін төменде берілген кеңестерге зер салыңыз.
Жанайым Қуандық