Ашық есік күні

Журналистика және саясаттану факультетінде маңызды оқиғалар – жыл сайынғы саясаттану бойынша  Олимпиада және «Бақытты жұлдыз астында: жаңа әлемде өмір сүреміз!» атты балалар мен жастар қоғамдық бұқаралық ақпарат құралдарының жас тілшілерінің XIV халықаралық медиа фестиваліне арналған Ашық есік күні 2018 жылдың 27-28 наурызында өтті

Студенттер мен ұстаздар оқушыларға «Саясаттану» мамандығы  жайлы, әр адамның өміріндегі саясаттың алатын орны және әлемдік мамандықтар арасындағы саясаттанушылардың маңызы, саясаттанушы мамандардың болашақта жұмысқа орналасу мүмкіндігі туралы бірқатар бейнежазбалар көрсетті.

Слайдтарда Қазақстан Республикасында жоғарғы мемлекеттік және қоғамдық қызметтер атқарып жүрген Журналистика және саясаттану факультетінің саясаттану кафедрасының  үздік түлектері көрсетілді.

Әр студентке және оның ғылыми жетекшісіне «Саясаттану» мамандығы туралы үлестірмелі материалдар мен буклеттер тапсырылды. Оқушылар алдында олардың көбін саясаттану мамандығын оқуға қызықтыра алған саясаттану кафедрасының меңгерушісі Е.Л.Нечаева, профессор-оқытушылар құрамы  сөз сөйледі. Саясаттану кафедрасында Қазақстанның алдыңғы қатарлы ғалымдары мен практиктері жұмыс істейтінін атап өтіп, алдыңғы қатарлы шетелдік жоғарғы оқу орындарында академиялық ұтқырлық және тағылымдамадан өту мүмкіндігі туралы айтып берді.

Саясаттану кафедрасында 2018 жылдың 27 наурызында саясаттану бойынша жыл сайынғы Олимпиада қарсаңында саясаттану кафедрасында Ашық есік күні өтті. Бұл шараға Астана қаласынан (14 адам), Павлодар қаласынан (2 адам), Көкшетау қаласынан (6 адам), Қызылорда қаласынан (7 адам), Ақмола облысы (4 адам), Солтүстік Қазақстан облысы (1 адам) ауыл мектептерінен оқушылар қатысты.

«Жұлдыз» балалар үкіметтік емес ұйымының іс-шарасы барысында 2018 жылдың 28 наурызында «Балалар ақпараттық кеңістігі: кәсіпқойлық, шығармашылық, ресурстар» тақырыбында балалар мен жастар қоғамдық бұқаралық ақпарат құралдарының жас тілшілерінің XIV халықаралық медиа-фестивалінің жеңімпаздарын марапаттау рәсімі барысында Журналистика және саясаттану факультетінде екінші Ашық есік күні өтті.

Осы шараға 100-ге жуық қатысушы келді. Олардың ішінде Ақтаудан (43 адам), Көкшетау (10 адам), Есіл (4 адам), Щучинск (6 адам), Теміртау (5 адам), Степногорск (5 адам), Қостанай (6 адам), Шығыс Қазақстан облысынан (6 адам), сонымен қатар мектеп оқушылары, Астанадан келген қонақтар болды.

Фестивальға қатысушылар Куба, Белоруссия, Украина Елшілігінің, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің, балалар мен жастар ұйымдарының басшыларымен, түрлі мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың өкілдерімен кездесті.

Фестивальдің барлық қатысушылары мен қонақтарына журналистика және саясаттану факультеті және факультеттің үш кафедрасында дайындалатын барлық мамандықтар туралы бейнероликтер көрсетілді. Қонақтар алдында еліміздің қоғамдық өміріндегі қазіргі журналист рөлін және баспа бөлімінің түлектері, телевизия және радио байланыс және қоғамдық қатынастар, саясаттану кафедрасының жетістіктерімен факультет деканы Сақ Қ.Ө. таныстырды. Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ қабылдау комиссиясының жауапты хатшысының айтқан сөздері мен көрсеткен слайдында осы университке түсудің барлық шарттары және «Журналистика», «Қоғаммен байланыс» мамандықтары бойынша емтихан тапсыру ерекшеліктері туралы толық ақпарат берілді.

Фестивальдің барлық қатысушыларына «Журналист», «Саясаттану», «Баспа ісі», «Қоғаммен байланыс» мамандықтары бойынша буклеттер мен басқа да материалдар таратылды.

Марапаттау рәсімінен кейін барлық мектеп оқушыларына танымал ғалымдар, журналистер мен қоғам қайраткерлерінен шеберлік сабақтарын алуға мүмкіндік берілді, олар өздерін қызықтыратын барлық мәселелерді тікелей сұрап, өздерінің шеберліктерін шыңдау мүмкіндігіне ие болды. Ең қызықты «Журналистер даярлаудың заманауи талаптары» тақырыбында мастер-класс өткізді (Сақ Қайрат Өмірбайұлы: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ журналистика және саясаттану факультетінің деканы, филология ғылымдарының кандидаты, профессор), «Қоғамның дамуындағы журналистиканың рөлі» (Болатова Гүлжауһар Жамбылқызы: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ журналистика және саясаттану факультетінің деканының орынбасары, филология ғылымдарының кандидаты, доцент), «Қазақстандық журналистика цифрлану жағдайында» (Есдәулетов Айтмұхамбет Оразбайұлы филология ғылымдарының кандидаты, доцент, журналистика және саясаттану факультетінің баспасөз және баспа ісі кафедрасының меңгерушісі), «Цифрлық медианың жаңа мүмкіндіктері» (Бейсенқұлов Аязби Ақбергенұлы: филология ғылымдарының кандидаты, доцент, журналистика және саясаттану факультетінің телерадио журналистикасы және қоғаммен байланыс кафедрасының меңгерушісі).

Барлық қонақтар саясаттану олимпиадасына және балалар мен жастар қоғамдық бұқаралық ақпарат құралдарының жас тілшілерінің XIV халықаралық медиа фестиваліне қатысушылары арасынан «Саясаттану», «Журналистика», «Баспа ісі», «Қоғаммен байланыс» мамандықтары бойынша Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ қабырғасында білім алуға ниет білдірушілер табылады деп үміттенетіндіктерін білдірді.

INFOTIMES

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *