«Өмірде өсіп өрлеңдер
Қасірет қайғы көрмеңдер
Адамдық асыл қасиет
Жоғатып алып жүрмеңдер» -деп әкем ағам екеумізге шығарған өлең шумақтарының мәнінін тереңдігін түсінетін жасқа да келіппін. Адамдық, адалдық деген өте жоғары қасиет. Бұл ұғым терең әрі сан қырлы. Адалдық — шындықты айту, уәдеде тұру, әділ болу, адамгершілікті сақтау, екіжүзділіктен аулақ болу. Бұл қасиет — тұлғаның ішкі тазалығының, рухани биіктігінің көрсеткіші.Мен мектеп қабырғасында осы бір ұғымға берік өзім қатарлы құрбыларым арасынан сирек кездестірдім. Менің ойымша, қоғамда өмір сүріп жатқан әрбір адамның адал болуы — сол қоғамның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі. Адал адам сенімді болады, сөзіне ісі сай келеді. Мұндай адаммен қарым-қатынас жасау да жеңіл, себебі оның бетпердесі жоқ, сөзі жалған емес.
Бұл тақырыпқа мақала жазуымның да себепшісі менің асыл әкем өлеңі екенін жоғарыда айта кеттім. Бүгінгі болашақ бойына жетіспей жатқан дүние де осы. Желіден түрлі қызықты елікеуші дүниелерді бойына жинап, еліктеп өсіп келе жатқан біздерге өзіміздің салтымыз бен дәстүрімізді сақтау парызымыз. Сондықтан да өзіміздің халқымыздың саналы тәрбие мен салтымыз бен дүниетанымызды байытатын қызықты оқиғалармен байланыстыра жеткізе алатын желілерде тартымды жеткізілер желілерде көп болса нұр үстіне нұр болар еді. Менің бұл мақалам кішкене ғана ой түйіндім, әлі жалғасын табатыны сөзсіз!
Қ.А.Яссауи атындағы
№123 мг оқушысы
Ақмарал Тұрсынәл